Атырау, 24 сәуір 06:42
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ақтауда дәптерлер қазақ тілі сабағынан бас тартуға себеп бола жаздады

1 694 просмотра


Ақтау қаласында мектептердің бірінде дәптерлердің қымбат болуы ата-аналардың қазақ тілі сабағынан бас тартуға себеп бола жаздады, деп хабарлайды "Ақтау-Лада"басылымы. 

Екінші сынып оқушыларының ата-аналарына қазақ тілі пәнінен төрт дәптер мен сөздік сатып алу керектігі айтылады. Бұл жиынтықтың құны 10 мың теңгеге жуық, ал сыныпқа қажетті жинақтың құны – 300 мың теңге болады. Бірқатар отбасылар бұл жиынтықты алуға мүмкіндіктері жоқ болғандықтан, ата-аналар қазақ тілі пәнінен бас тартуды ұйғарады.  

Сонымен қатар, ата-аналар қазақ тілі пәнінің оқулығын да сынаған. 
"Қазіргі уақыттағы қазақ тілі оқулығы — ешқандай аудармасы жоқ тексттердің жинағы. Ешқандай ереже жазылмаған. Мұғалімдер аудармасын бермейді, оны түсіндірмейді. Нәтижесінде балалар кітапқа қарап ештеңе түсінбей отырады. Мектептерде қолданып жатқан оқулықтарды қосымша әдебиет пен сөздіктің көмегінсіз оқу мүмкін емес", —дейді ата-аналар.

Өз кезегінде, мектеп директоры Бекес Іспекеев бұл дәптерлерді міндетті түрде сатып алуға ешкім қинамайды, оқу құралын сатып алу тек "ұсыныс" ретінде айтылған. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында түсінбеушілік орын алған деп есептейді.

Дереккөз: Sputniknews.kz 


26 қыркүйек 2017, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.