Атырау, 20 сәуір 18:14
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Конго түрмесінен ондаған қылмыскер қашып кетті

1 405 просмотра


Конго Демократиялық Республикасында жексенбі күні түрмеден отыздан астам қылмыскер қашып кетті, деп хабарлайды РИА Новости АР сілтеме жасап.

Оңтүстік Киву провинциясы әділет министрі Пасалине Басезаге мәліметіне сүйенсек, жексенбі күні кешке қатты жаңбыр жауып тұрған кезде, түрмедегі барлығы қырық екі адамның 34-і қашып кеткен. Олардың жиырма жетісі сексуалды және зорлық-зомбылық сипаттағы қылмыс жасағандары үшін сотталған.

Қашып кеткен төрт қылмыскер ұсталды, қалғандары іздеуде. Мвенга ауданы тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтап, қылмыскерлерді ұстауға жәрдем беруге үндеу тасталды.

Жалпы Конго түрмелерінен осы жылы мыңдаған адам қашып кетіпті.

Дереккөз: Тengrinews.kz 

26 қыркүйек 2017, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.