Атырау, 20 сәуір 04:22
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Алғашқы премьер, саясаткер Ұзақбай Қараманов дүние салды

3 084 просмотра


Қазақ ССР-нің алғашқы премьер-министрі, бұрынғы мәжіліс депутаты Ұзақбай Қараманов 80 жасында қайтыс болды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарамановтың туыстарына көңіл айту телеграммасын жолдаған. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, телеграммада президенттің "мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Қарамановтың қазасы туралы хабарды қайғыра қабылдағаны" айтылады.

Назарбаев Қарамановты "бүкіл өмірін халқы мен туған жерінің көркеюіне арнап, өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарғанын" айтқан.

Ұзақбай Қараманов 1989 жылы Қазақ ССР министрлерінің кеңесінің төрағасы, 1990 жылы Қазақ ССР премьер-министрі болған. Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылы Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі, 1993 жылы Халықаралық Арaл теңізін құтқару қорының президенті, парламент мәжілісінің депутаты болған.

Дереккөз: Азаттық

26 қыркүйек 2017, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.