Атырау, 19 сәуір 15:46
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Нұрсұлтан Назарбаев РФ Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

1 959 просмотра

Фото: Kapital.kz

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Ресей Президенті Қазақстан Президентін биылғы 14-15 қыркүйекте Сирияға қатысты алтыншы халықаралық кездесудің Астанада табысты өтуімен құттықтады.   

Сондай-ақ, Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Сириядағы қақтығысты реттеу үшін Ресей жағынан атқарылып жатқан шаралар жөнінде хабардар етті. Тараптар Астана процесін жалғастырудың маңызды екенін ерекше атап өтті.      

Бұдан бөлек, Президенттер алдағы уақытта болатын кездесулер кестесін, соның ішінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне дайындық барысын қарастырды.

Екі ел көшбасшылары екі жақты өзара іс-қимылдың барлық мәселелері бойынша тұрақты диалогты жалғастыруға уағдаласты.    

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды. 

Дереккөз: Аkorda.kz 

25 қыркүйек 2017, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.