Атырау, 28 наурыз 23:31
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

"Орталық Азияда дипломатияның 25 жылдығында нота жазу жиіледі", "Жаңа қазақ-латын әліпбиі қандай болуы керек?", "Қытайдағы қыспаққа түскен қазақтарға қандай көмек көрсете аламыз?", "Биологиялық белсенді қоспа (ББҚ) – дәрі емес"

1 829 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ: Қасиетті жерлерді халықтың өзі анықтайды" - Соңғы кездері қасиетті орындарды анықтау, киелі жерлердің бірыңғай желісін құру жұмысы қызу жүріп жатыр. Арнайы карта жасалуда. Бұл қандай жоба? Ерекшелігі неде? Болашағы қандай? Міне, Қасиетті Қазақстан ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғалиұлымен ашық әңгімеміз осы бағытта өрбіді.

"Жаңа қазақ-латын әліпбиі қандай болуы керек?" - Латын әліпбиіне көшу мәселесі көпшілікті қатты алаңдатып тұр. Редакцияға өз ойларын айтып хабарласқан, хат жолдаған жандардың қатары тым көп. «Жас Алаш» газеті сол жолданған хаттардың кейбірін жариялап, нөмір сайын бұл тақырыпты қызу талқыға айналдыруда. Біз үшін пікір алуандығы ауадай қажет. Сондықтан бүгінгі санда да төмендегі мақаланы назарларыңызға ұсынып отырмыз.

AZATTYQ.ORG. "Шымкентте ұсталған «деструктивті ағым мүшелеріне» іс қозғады" - Шымкентте «қылмыстық топ құрған деструктивті діни ағым мүшелері» деген күдікпен ұсталған үш адамға «терроризмді насихаттау» және «діни араздықты қоздыру» баптары бойынша іс қозғалып, олар екі айға қамалды. Полиция «тергеу құпиялылығын» алға тартып, күдіктілер ісіне қатысты ақпарат бермеді. Туыстары билік оларға «жала жауып отыр» деп санайды.

"Орталық Азияда дипломатияның 25 жылдығында нота жазу жиіледі" - Орталық Азия (ОА) елдері өзара және аймақтан тыс елдерімен де кейбір мәселедегі келіспеушіліктер бойынша дипломатиялық нота тапсыруды жиілетті. Азаттық биылғы ерекше көзге түскен нота жолдау оқиғаларына шолу жасады.

"Мақтау айтылған Қазақстандағы "атом көлі"" - Батыс баспасөзі Семей атом полигонындағы совет заманында пайда болған "Атом көлі" туралы сирек кадрлар мен қазіргі ядролық державалар жайлы жазған.

INFORMBURO.KZ. "Биологиялық белсенді қоспа (ББҚ) – дәрі емес. Жарнамаға сенген зейнеткерлер ауруына ауру жамады" - Жарнамаға алданып, өз бетіңше емделуге болмайды. Емдік қасиеті бар деген табиғи өнімнің бәрі – дәрі емес. Су да, нан да ББҚ-ға жатады, –дейді мамандар.

QAZAQTIMES.COM. "Германияда сайлау аяқталды: Меркель - тағы да канцлер" - Германияда Парламент сайлауы аяқталды. 2005 жылдан бері 3 рет қатарынан Германия канцлері қызметіне сайланып келген Ангела Меркель дауыс берушілердің қолдауымен, өз лауазымында тағы төрт жылға қалатын болды. Сайлаудың нәтижелері жөнінде ВВС ақпараттық қызмет талдап жазды. 

ABAI.KZ. "Қытайдағы қыспаққа түскен қазақтарға қандай көмек көрсете аламыз?" - Қазір ақпарат құралдары арқылы: «Қытайдағы қазақтарды қырып-жойып жатыр» деген суық хабарды күнде оқып, күнде естуге болады. Рас, қытай алып ел. Алып империялар өзінің әлсіреген тұсында немесе өз ішінен ірірткіш күштердің көбейген кезінде, сыртқы жаулардан қорықып, қорғанған кезінде осындай жанталасқа барады.

"«ЭКСПО-2017»-ден кейінгі әрекет" - Елімізде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аяқталағанына көп бола қойған жоқ. Алайда көпшілігіміз халықаралық көрмеден кейін күнделікті күйкі тірлікке түсіп кеткен тәріздіміз. Ал, шын мәнісінде аталған көрменің мәні мен маңызы ас ішіп, аяқ босату емес еді. Яғни, ЭКСПО-дан кейін елімізде жасыл энергиядан қуат алатын жобалар іске аса бастауы керек болатын. Міне сондай ауқымды жобаның бірі Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданында жүзеге аспақшы.

QAMSHY.KZ. "29 жастан асқан жетімдер: Көшедегі не түрмедегі өмір..." - Жетімі мен жесірін жылатпаған қазақ екенімізді кейде мақтанышпен айтатынымыз бар. Қазіргі кезде сол ата-ана мейіріміне зәру болып өскен қыз-жігіттердің жағдайы қандай? 9 ай көтеріп, жанын шүберекке түйіп дүниеге әкеліп, кейін өз шақалағын жетімдер үйіне тастай салып, қиындықтан шығудың оңай жолын таңдайтын аналардың саны күннен-күнге өсіп жатыр. Ал әке-шешесінің махаббатын сезінбек түгілі, түр-тұрпатын білмейтін балалар қаншама? Солардың бірі 25 жастағы Серік Кенжебеков. Балалар үйінің түлегі Qamshy.kz ақпарат агенттігінің редакциясына келіп, қазіргі жетім балалардың қиын өмірі туралы айтып берді.

TURKYSTAN.KZ. "Темір тордың тасасы — талай тағдыр" - Жуырда Жамбыл облысындағы қоныс колониясы жазасын өтеуші 6 адамға іздеу жариялады.  Қашқындарды колония басшылығы жатпай-тұрмай іздеген. Таппаған соң елден көмек сұрауға мәжбүр. Бұрын қылмыс жасағандары аздай тағы да заң бұзып, тәртіпке бағынғысы келмегендер тәртіп сақшыларының қолына түссе, жаза үстіне жаза арқалайтыны анық.

"Құлақ жабық, көз бітеу" - Адамның өмірін жеңілдететін, қолын ұзартып, көңілін көтеретін құрылғылар көбейген сайын қауіп пен қатер де көбейіп барады. Мәселен, бір кездері кереуетке таңылған науқастарға көмек көрсетудің амалы ретінде дүниеге келген құлаққап бүгінде кеселден құтқарушы емес, кеселдің өзіне айналды. Кесел емей немене, көшеде кетіп бара жатқан екі адамның бірі – «меңіреу»,  құлағын тарс бекітіп алса…Айналасындағыларды естімейді, естігісі келмейді. Құлақтан кіріп, бойын алған әдемі әуен күндердің күнінде жүйкесін жұқартып, саңырау етуі, тіпті, абайламаса ажал құштыруы да мүмкін екенін ескергісі жоқ. 


25 қыркүйек 2017, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.