Атырау, 29 наурыз 04:28
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Brexit-тан кейін Ұлыбритания мейрамханалары Еуроодақтан келген жұмысшыларсыз қалады

1 560 просмотра


Brexit жобасы аясында Ұлыбританияның  мейрамханаларында жұмыс істейтін бұрынғы Еуроодақ мемлекеттерінің азаматтары өз елдеріне қайтуына байланысты, қызметкерлер саны күрт қысқаруы мүмкін. Мұндай есепті ағылшын дәмхана желілері ұсынды. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.

Өткен жылы Brexit референдумынан кейін 12 айдың ішінде Ұлыбританиядан кеткен қызмет көрсету саласында еңбек еткен мамандардың саны 33 мыңнан 122 мыңға дейін өскен. Франко Манка пиццериясы өз қызметкерлерінің тек 20 пайызы ғана британдықтар екенін, Brexit жобасы көп білікті маманнан айырып отырғанын айтады. Дәмханалар желісі мен тамақтандыру өндірісіндегі өзге кәсіпкерлер кеткен жұмысшылардың орнын толтыруға британдықтар құлықсыз болуы мүмкін деп қауіптенеді. 

Ұлттық Статистика Орталығының мәліметінше, қонақ үй саласында өткен жылы бос орындар  3,5 пайыз болса, биыл бұл көрсеткіш 4,3 пайызға дейін өскен. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


25 қыркүйек 2017, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.