Атырау, 24 сәуір 06:45
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қылмыскерді бас бостандығына айыру орындарында ұстау тиімді емес – министр

1 919 просмотра

Фото: Sputniknews.kz

Жылдар бойы жиналған тәжірибемізге сәйкес, қылмыскерлерді бас бостандығына айыру орындарында ұстау әрқашан тиімді болмайтынын көрсетті. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біздің көптеген жылдар бойы жинаған тәжірибеміз, қылмыскерлерді бас бостандығынан айыру орындарында ұстау әрқашан тиімді болмайтынын көрсетті. Бас бостандығынан айыру қылмескерді түзейтін құрал ретінде немесе оның сол қылмысты қайта жасамауы үшін ескерту құралы ретінде жұмыс істемейді. Ашығын айтқанда, көптеген азаматтарды түрмелерде ұстау мемлекет бюджетіне салмақ түсіреді. Сондықтан Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жолына түсті», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру туралы» тақырыбында Үкімет сағаты өтіп жатыр.

Дереккөз: Baq.kz

25 қыркүйек 2017, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.