Атырау, 20 сәуір 02:33
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Негізгі көшелерді қалдырып кеткен

Сурет
2 821 просмотра

«АЖ» редакциясына қала маңындағы Көкарна поселкесі, №4 көшенің тұрғыны Алтынбек пен Өркен-2 поселкесі, (бұрынғы Жұмыскер-2) №36 көшенің тұрғыны Нұрлыбайдан шағым келіп түсті.



Алтынбек былай дейді: «Биыл жол қызметкерлері Көкарнада №1, 2, 3, 5, 6 (№7 көше бұған дейін асфальтты болатын), 8, 9, 13 көшелерін асфальттады, ал поселкенің қақ ортасында орналасқан №4 көшені асфальттауға ұмытып кетті. Біздің көшемізде жыра бар. Бәлкім осының салдарынан асфальт төселмей отырған шығар. Бірақ ерте ме, кеш пе осы қиыншылықтармен бетпе-бет келуге тура келеді ғой».    

Өркен-2 тұрғыны Нұрлыбай №36 және 38 екі көше тұрғындарының атынан шағымданды. Бұлар тұрғын үй массивінің ол шеті мен бұл шетінен өтетін ең ірі көшелер екен. Бұл көлік жолдарын қалай ұмытып кетуге болады деп тұрғындар түсінбей дал.

Өркен-2 жолдары 2017 жылы асфальтталуы тиіс қала көшелерінің тізіміне енгізілген. Аталмыш көшелердің тағдырын анықтау үшін «АЖ» қалалық әкімдікке сауал жолдаған еді, алайда жауап ала алмады. Сонымен қатар, жол-құрылыс компанияларынан комментарий алу мүмкін болмады.

Бұл тізімнің 2016 жылғы 7 қарашадағы жол тендерінің он лотынан құралғаны анықталды. Ал осы лоттар бойынша жұмыс құнын анықтау кезінде 16 жыл бұрынғы баға көлемі қолданылған. Жоба 2013 жылы әзірленген, сондықтан 2014 жылғы бағаның қолданылуы дәлелді. Бірақ 2017 жылдың шілдесінде аяқталады деп жоспарланған жол құрылысы жұмыстары неліктен 2001 жылғы бағалармен есептелген? Бұл сұраққа әзірге ешкім жауап берген жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

25 қыркүйек 2017, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.