Атырау, 23 сәуір 18:48
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Анасы арағын қойса...

Сурет
3 598 просмотра


20 қыркүйек күні кешке қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен бірге жайсыз отбасылардың тұрмыс жағдайларын анықтауға арналған рейдке шықтым.

Ең алдымен Авангард ықшамауданында тұратын көпбалалы отбасының үйіне бардық. Тамара (ата-аналардың есімдері өзгертіліп алынды) қазір өзінің апасы, анасымен бірге 9 баланы тәрбиелеп отыр: ең кішкентайы 2 жаста, үлкені кәмелет жасына енді толады. Бұл отбасы полицияның арнайы есебіне Тамара мен күйеуінің арақ ішкендері үшін тіркелген.

Ол өзінің әрекеті үшін ақталғандай болып:

- Бірге тұратын ер адамым бар (сожитель). Ол вахталық әдіспен жұмыс істейді. Вахталық жұмысы аяқталысымен үйге келіп, арақ ішеді. Арақ ішкенде жын секілді ашуланып, басқару қиын болады. Бірақ, соңғы кездері үйге келмейді, тек ақша беріп кетеді. Жағдайымыз жақсы, мен еден жуамын, апам да жұмыс істейді, ал анам осы балаларға қарайды. Барлығы мектепке барады, ойнайды.

Тамара қызының және үйдегі өзге де балалардың мектепке баруын өзі қадағалайтынын айтып, түсініктеме толтырып, шығарып салды.

Келесі отбасы Авангард ықшамауданында тұрады. Бізді қарт әжей қарсы алды. Ол ашуланып, үйде ешкім жоқ екенін айтты. Полиция оның ішкілікке салынған қызы Светлана мен мектеп жасындағы немересін сұрады. Әжейдің айтуынша, олар Құрманғазы ауданына кетіп қалған екен және қашан келетіндері белгісіз. Полиция Светлана қызы екеуі үш күннің ішінде келмесе іздеу жұмыстарын бастайтындықтарын айтты.

- Жайсыз отбасылар есепте үш жыл тұрады. Қазір олардың тіркелгендерінің саны – 76. Егер де осы үш жылда олар өзін жақсы жағынан көрсетсе, яғни, төбелес шығармаса, арақ ішпей, тәртіп бұзбаса есептен шығарамыз. Ал баяғы жартас сол жартас болса, онда есепте тұру мерзімін ұзартамыз, - дейді ювеналды полиция инспекторы Ерлан ӨТЕНИЯЗОВ. - Бәрінен бұрын осындай отбасылдарда тұратын балаларға обал.

Келесі отбасы Әліпов көшесінде тұрады. Біз келгенде үйде ешкім болмады. Кейін Әлия келіп, полицияны көріп абдырап қалды. Бірақ, бұл кезекті тексеріс екенін білгенде көңілі жайланып, бізді үйіне кіргізді. Ол күйеуі екеуі қаладағы сауда орталықтарында жұмыс істейді. Бір қыз тәрбиелеп отыр. Әлия алкогольдік ішімдікке құмар болғандығынан есепке алынған.

Мен осы кезде дәлізде тұрған көрішілерімен де тілдестім:

- Әлияның осы үйде тұрғанына 10 жылдан асты. Өзі де, күйеуі де саудагер. Қыздары өте тәрбиелі, тыныш. Тек Әлия көп ішеді. Ішкенімен төбелес шығарып, көрішілердің мазасын алмайды. Әрине, ол осы арақты қойса жақсы болар еді...

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

22 қыркүйек 2017, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.