Атырау, 25 сәуір 03:09
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Сүрия жерінің 87 пайызы «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымынан азат етілді

2 099 просмотра

Фото: verelq.am

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымынан Сүрияның 87 пайыз аумағы азат етілді – деп жазады РФ қорғаныс министрлігінің «Красная звезда» ресми газеті.

Басылым мәліметтері бойынша, қазіргі таңда «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымынан Сүрия аумағының 87,4 пайызы азат етілген. Лаңкестер иелігінде Ефрат өзенінің бойы ғана қалған. Бұған дейін РФ қорғаныс министрлігі Сүрия әскері Ресей әскери әуе күштерінің көмегімен Дейр-эз-Зор қаласы маңында «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының содырларын тас-талқан етіп жеңді деген ақпарат таратқан болатын. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


22 қыркүйек 2017, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.