Атырау, 24 сәуір 12:43
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ким Чен Ын Трамптың БҰҰ-дағы сөзін соғыс жариялау деп ұқты

2 037 просмотра


КХДР лидері Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамптың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Солтүстік Кореяны толықтай жойып жіберу туралы сөзін Пхеньянға соғыс жариялау деп ұқты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

КХДР лидерінің бұл мәлімдемесі мемлекеттік ақпараттық агенттікте жарияланды. "Трамп осылайша біздің республикамызды жойып жіберемін деп соғыс жариялады. Біз өз тарапымыздан тарихта болмаған өте қатаң шараларды қолданатын боламыз. Есінен алжасқан америкалық шалды отпен басамын!", - делінген КХДР лидерінің мәлімдемесінде. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Дональд Трамп КХДР Америка Құрама Штаттарына қауіп төндіретін жағдайда оларды жоюға тура келетінін мәлімдеген болатын. "АҚШ-тың шыдамы жетеді, АҚШ мықты ел. Бірақ бізге одақтас елдерді қорғау керек болса немесе өзімізді қорғау керек болса бізге Солтүстік Кореяны толықтай жоюға тура келеді. АҚШ КХДР-ды жоя алады және жойғысы келеді. (...)", - деген еді Трамп.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


22 қыркүйек 2017, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.