Атырау, 18 сәуір 16:55
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Головкин мен Альварестің реваншы қай күнге белгіленді?

2 034 просмотра


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес реваншы қай күнге белгіленгені жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz

RingTV мәліметінше, Синко де Майо (Мексиканың ұлттық мейрамы, 1862 жылы 5 мамырда Пуэбле шайқасында мексикалық әскердің жеңіске жетуіне байланысты тойланады) мерекесінде боксшылар реванш өткізеді.  Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гоместің айтуынша, осы күні үлкен шара өткізуге әбден лайықты мерзім.  

"Жақсы мерзім. Бұл спорттың басқа түріне еш кедергі келтірмейді. Бұл күні Кентукки Дерби болады, бірақ америкалық футболдан жарыс жоқ, ал бейсбол тек сәуірде басталады. Баскетболдың плей-офф кезеңі өтіп жатады", - деді Гомес.  

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундқа созылды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды. Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Дереккөз: Vesti.kz 


22 қыркүйек 2017, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.