Атырау, 19 сәуір 20:14
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Украина Қазақстанға қарата шағым түсірді

1 616 просмотра


Киев Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі Украина құбырларына қатысты демпингке қарсы шаралар бойынша Қазақстанмен консультация өткізуді талап етіп отыр. Бұл туралы Украинаның экономиканы дамыту және сауда министрлігінің ресми сайтында жазылды. 

Украина аталған талапты Дүние жүзі сауда ұйымына жіберген.  “Қазіргі кезде ЕАЭО-да, атап айтқанда Қазақстанда қолданылып жүрген Украинаның кейбір болат құбырларының импортына қатысты депингке қарсы шаралар 1994 жылғы Тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің VI бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмейді", - делінген министрлік хабарламасында. 

Енді жіберілген талап бойынша Қазақстан 10 күн үішінде консультация өткізу бойынша жауап жіберу керек. Қазақстанның келісімінен соң екі тарап консультацияны өткізетін күнді белгілейді. Еуразиялық экономикалық одақ аумағына Украинаның құбыр өнімдерін әкелуге қатысты демпингке қарсы шаралар 2011 жылдың қазан айынан бастап қолданысқа енген. 2016 жылдың маусым айында демпингке қарсы шаралар бес жылға ұзартылды. Сондай-ақ, демпингке қарсы баж салығының мөлшерлемесі өнім түріне байланысты 18,9%-дан 37,8%-ға дейін белгіленген. 

Айта кетейік, ұзақ мерзімді келіссөздерден кейін Қазақстан 2015 жылдың 27 маусымында ДСҰ-ға ресми түрде қосылды. Ал Украина 2008 жылдан бері ұйымның толық құқықты мүшесі. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


21 қыркүйек 2017, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.