Атырау, 25 сәуір 07:01
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Арнайы мұрағат енді қолжетімді

4 733 просмотра
Көрнекі сурет.


Атырау облыстық ІІД-нің Арнайы мемлекеттік мұрағатында көптеген құнды да маңызды құжаттарды құқыққорғау органдарының қызметкерлерінен бөлек қарапайым азаматтар да ала алатынын бәрі біле бермейтін болар. Тек барлығын емес. Бұл «құпия» және «өте құпия» деген белгілер соғылған құжаттар. 

Қазіргі таңда арнайы мұрағатта 30 892-ге жуық құжаттар мен істер сақтаулы. Құжаттардың көлемі үлкен болғандықтан 20 мұрағаттық қорға топтастырылып, құқыққорғау органдарына бұрынғы қылмыстар мен істерді қозғауда жұмыстарын жеңілдетті. Сондай-ақ, бұл репрессияға ұшыраған туыстарын іздеген азаматтарға үлкен көмек болып отыр.

Сонымен қатар тек қана қылмыстық істер емес, 1930-1950 жылдар аралығында қуғын-сүргінге, жер аударуға ұшыраған Қазақстан азаматтары туралы және Қазақстанға жер аударылған өзге ұлт өкілдерінің жеке істері сақтаулы. Бір қызығы, соңғы кездері осы туыстарын іздеген шетел азаматтарынан көптеген өтініштер түсуде екен.

Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА:

- Репрессияға ұшыраған азаматтар туралы құжаттар біздің мұрағатқа 2014 жылы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінен келіп түсті. Комитет Ұлы Отан соғысы кезінде Германияда тұтқынға түсіп, елге оралған соң репрессияға ұшыраған азаматтарды ақтау жөніндегі 4 460  құжатты да берді. Ақпарат барынша қолжетімді болу үшін Ішкі Істер министрлігінің сайтында «Мемориал» сервисі құрылды. Сервиске 2018 жылдың қаңтар айында жаңа электрондық деректер енгізіледі.

Арнайы мұрағатқа  жылына 100-ден астам өтініш түседі.

Бұрын сотталған немесе қуғын-сүргінге ұшыраған, Германияда тұтқында болған туысыңызды іздесеңіз, Нұрсая ықшам ауданындағы полиция ғимаратына жолығу қажет.

Фархат ӘБІЛОВ

21 қыркүйек 2017, 13:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.