Атырау, 25 сәуір 16:29
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Ембімұнайгаз» жобасы бүкілресейлік байқауда үздік деп танылды

1 989 просмотра

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның «Цифрлық кен орны» жобасы Ресейде өткен мұнай-газ саласының IT жобалары арасынан үздік деп танылды.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметінің хабарлауынша, осы жылдың 14 қыркүйегінде Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы А.С. Попов атындағы орталық байланыс музейінде «Мұнай-газ саласына арналған үздік 10 IT жобасы» атты ІХ бүкілресейлік байқауының лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткен.

- Аталған байқау 2009 жылдан бастап РФ Байланыс және бұқаралық коммуникация министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып, жыл сайын IT саласындағы маңызды жобаларды анықтап келеді. Қазылар алқасының бірауыздан шыққан шешімімен «Ембімұнайгаз» АҚ жобасы «Цифрлық кен орны» номинациясы бойынша үздік деп танылды, - делінген қоғаммен байланыс қызметінің хабарламасында. - Жеңімпаздарды іріктеу барысында «Ембімұнайгаз» ұсынған жоба (әлемдегі ірі 200 компанияның қатарына кіретін) жапондық Sumimoto корпорациясына тиесілі «Престиж-интернет» ЖШҚ-ын ұңғымаларды радиожиілікпен жабдықтау, «Роснефть» ААҚ құрамындағы ірі мұнай өндіру компаниясы «РН-Юганскнефтегаз» ЖШҚ-ын «Цифрлық кен орны», жылына 9 млн тонна мұнай өндіретін «Салым Петролеум Девелопмент Н.В» мұнай корпорациясын геологиялық модельдеу және басқа да жүйелер бойынша басып озды.

Байқау сертификаты мен ескерткіш сыйлығы (статуэтка) «Ембімұнайгаз» АҚ-ның өндірісті автоматтандыру және ақпарат технологиясы департаментінің директоры Болат НСАНБАЕВҚА табыс етілді.  

21 қыркүйек 2017, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған