Атырау, 20 сәуір 01:01
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жер кімдікі болса, асфальтты сол салады

2 984 просмотра

Біз «Жеті қазына» тұрғын үй кешенінің ауласындағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары бойынша Атырау ТКШ бөліміне алғаш рет 2016 жылдың 6 қазанында жүгінген едік. Жауап хат биылғы жылдың наурызында келді. Онда шұңқырларды жөндеу жұмыстары 2017 жылғы жол жұмыстарының жоспарына енгізілгені хабарланған. Бүгін ТКШ бөліміндегілер біздің жеке нысан екенімізді және асфальттың болмайтынын хабарлады. Ал біздің тұрғын үй массивін жол жөндеу жоспарына енгізу туралы шешім не болды?

«Жетi қазына»  ПИК төрағасының міндетін атқарушы Роза Қуантай

Сұраққа Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Серікбай ҚАЗИЕВ жауап берді: – «Жеті қазына» ЖК жеке нысан болғандықтан (тұрғын үй кешенін салған жеке тұлға сатып алған) Атырау қаласының жолдарындағы шұңқырларды жөндеу жоспарына енгізілген жоқ. Бұл аумақты абаттандыру соның құзырына кіреді.

21 қыркүйек 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.