Атырау, 28 наурыз 15:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Бішкек Қазақстанға наразылық нотасын жіберді

2 059 просмотра

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенттігіне үміткер Өмірбек Бабанов. Фото: Ақорда

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті болуға үміткер Омурбек Бабановпен кездескеннен соң Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын жолдады.

Sputnik Қырғызстан агенттігінің хабарлауынша, наразылық нотасы ҚР-ның Қырғызстандағы уақытша сенімді өкілі Рымтай Кәріпжановқа ұсынылған.

Назарбаевтың Қырғызстан президенттігіне үміткермен кездесуі туралы бұдан бұрын Ақорда сайтында жарияланған. Қырғызстан СІМ бұл кездесуді мемлекеттік ішкі істеріне араласумен тең деп санайды.

"Министрлік Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қырғыз Республикасы президенттігіне үміткерлердің бірімен кездесіп, алдағы сайлауда бұл үміткерге қолдау көрсеткеніне  наразылығын білдіреді. Ынтымақтас Қазақстанның мемлекет басшысы Қырғызстанның ішкі мәселелеріне араласпайтынын мәлімдегенімен, оның сөздері қазақстандық тараптың Қырғыз Республикасының болашақ президентіне қатысты артықшылықтарын анық көрсетеді", — делінген наразылық нотасында.

Естеріңізге салсақ, 19 қыркүйекте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенттігіне үміткер ӨмірбекБабановпен кездескен еді.

Қырғызстанда президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.

Дереккөз: Sputniknews.kz 

20 қыркүйек 2017, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.