Атырау, 29 наурыз 17:54
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Божконың бастамасы заңға қайшы", "Абайдың ұрпағы әзірге Даниярмен тоқтап тұр", "АҚШ-тың шетелдегі әскери базалары және Қазақстан", "Ұсынылған әліпби бойынша тілтанымдық талдау", "Үлкен соғысқа дайындық"

1 825 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Үлкен соғысқа дайындық" - Беларусь пен Ресейдің қыркүйектің 14-інен 20-сына дейін өтетін "Батыс-2017" бірлескен әскери жаттығуы Еуропа мен АҚШ-ты алаңдатты. НАТО-ны "қырғиқабақ" соғыс аяқталғаннан бергі кезеңдегі ең үлкен жаттығудың бұрын-соңды болып көрмеген географиялық ауқымы да, оған қатысып жатқан әскер түрлерінің көптігі де, кей дерекке сәйкес, жаттығуға қатысатын әскери қызметшілер санын Ресейдің біршама кемітіп көрсетуі де алаңдатады. Бұған қоса, жаттығу мақсатын "Беларусьтің батысында сепаратистерге тойтарыс беру іс-қимыл тактикасын пысықтау" деп түсіндіретін ресми аңыз да онша иландырмайды.

""Шектеу жаңа проблемалар тудыруы мүмкін"" - Қазақстан билігі "Дін қызметі және діни бірлестіктер туралы" заңға шектейтін және тыйым салатын өзгерістер енгізуді ұсынады. Орталық Азиядағы діни ахуал мен радикалдану мәселелерін зерттеп жүрген Батыс сарапшысы бұл өзгерістерден тұшымды нәтиже шығарына сенбейді.

QAZAQTIMES.COM. "АҚШ-тың шетелдегі әскери базалары және Қазақстан" - Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың әскери ықпалы бүкіл дүние жүзіне кеңейді. АҚШ ел ішіндегі және сыртындағы әскери базаларды қосқанда жалпы саны 5 мыңнан астам әскери базаларды салды. Қырғи-қабақ  соғыс аяқталғаннан кейін, халықаралық жағдайлардың өзгеруіне байланысты, АҚШ өзінің әскери стратегиялық жоспарларына түбегейлі өзгерістер енгізді. Елдегі оппозициялық күштердің қарсылығына байланысты елдің шетелдегі әскери базаларының саны айтарлықтай қысқарды. Қазіргі уақытта  140-тан астам ел мен аймақта АҚШ-тың 374 әскери үлкен базасы бар. 300 мың адамға дайындалған. Ал, АҚШ-тың өз ішінде 871 әскери база бар болып, оның 242 теңіз армиясына арналған, ал әуе армиясының әскери базалары - 384. 

INFORMBURO.KZ. "Отбасы құндылығын жоғалту ұлтты құртады. Немесе қазақтар БҰҰ-ның алғашқы ондығына қалай енді?" - Еуропа жұрты жоғалуға бет алған. Қытай да тоқыраған. Бір қызығы, қай халық өркениеттен қаншалықты алыс болса, табиғи өсімі соншалықты жоғары. Мұның себебі неде?

ABAI.KZ. "Ол жақта 1,5 миллион қазақ, бізде 400 мың өзбек тұрады" - Өткенде Қазақстан Президенті ресми іс-сапармен Өзбекстанда болып қайтты. Бұл жолы Президент Назарбаев өзбек басшысы Шавкат  Мирзиёевтің арнайы шақыруымен барған еді.

"Абайдың ұрпағы әзірге Даниярмен тоқтап тұр" - Биыл «Абай жолы» романының жарық көргеніне 75 жыл. Соған орай Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Бір кітап» көрмесі өтті. Мұхтар Əуезов Абайды əлемге танытты. Десек те, Абай мұрасын жинап, сақтаушы – ақынның ұрпақтары. Абайдың ұрпақтары кімдер, олар қалай өмір сүрді, көзі тірісінен кім қалды? Осы жайында білгіміз келіп, көрмеге келген ақынның жиеншары Лəйлə МҰХЛЕСҚЫЗЫМЕН əңгімелестік.

TENGRINEWS.KZ. "Ұсынылған әліпби бойынша тілтанымдық талдау" - Қазіргі кезде "Жаңа латын негізді қазақ әліпбиінің құрамы мен жүйесі қандай болмақ?", "Оқу мен жазуға оңтайлы бола ма?", "Дауысты және дауыссыз әріптердің латынша нұсқасы қандай болады?" деген тәрізді сұраулар мерзімді басылым беттерінде, БАҚ-та үздіксіз талқыланып келеді.

TURKYSTAN.KZ. "Балабақшаны оңтайландыру: оң шешім бе, әлде…" - Елімізде жыл сайын сандаған балабақша салынып, пайдалануға берілсе де, орын жетіспеушілік мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Әсіресе, соңғы жылдары Алматы қаласында бала туу көрсеткішінің артып отырғанын ескерсек, балабақша кезегінің уақытылы келуі де мұңға айналған.

DALANEWS.KZ. "Әбіловтен не күтеміз?" - Олар бір кездері бір-бірлерінен айырылмайтындай көрінетін. Топтасып кең сарайға кіргенде, жұрттың бәрі аңтарыла қарайтын. «Қазақстан демократиялық таңдауы» қозғалысының қызуын кіргізген үш тұлға – Ораз Жандосов, Әлихан Бәйменов, Болат Әбілов – «Жас түркілердің» белді өкілдері еді. Оларға жұрт сенді. Айналасын қаумалаған қалың жұртқа олар сенді ме? Белгісіз… Сөздері мық шегедей, білімді, қалталы азаматтардың әрбір жиынына сабылған жұрттың қарасы мол-тұғын.

QAZAQUNI.KZ. "Божконың бастамасы заңға қайшы" - Мәжілістің вице-төрағасы Владимир Божко «біртүрлі» бастама көтерді. Бастама болғанда да, «ауыл-ауылдан күнкөрістің қамымен қалаға ағылған жұрт көшін тоқтату керек» деп сөйледі. Бұл былай болды. «Тоз-тозы шыққан ауылдан қалаға қашып келіп, мұнда лайықты деңгейде жағдай жасай алмаған, наразы жастар – Қазақстанның тыныштығына қауіп келтіреді» деді Божко (Озлобленность сельской молодежи, уезжающей в города из депрессивных аулов и не встречающей на новом месте достойных условий, угрожает стабильности в Казахстане).


19 қыркүйек 2017, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.