Атырау, 28 наурыз 14:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

АҚШ Иранға қаратқан қысымды барған сайын арттырды

2 140 просмотра


АҚШ Қазына департаменті 14 қыркүйек күні, 4 ұйым мен 7 жеке тұлғаға қарата санкция жариялады. Бұл ұйымдар мен жеке адамдарға Иранның баллистикалық зымырандық бағдарламасына қолдау көрсетті және АҚШ қаржы жүйесіне желілік шабуыл жасады деген айыптар тағылған. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық агенттігі хабарлап отыр. 

АҚШ Қазына департаментінің сол күнгі мәліметінде, санкциялардың бұл раундында Иранның екі ұйымы қамтылатыны туралы айтылған. Сонымен бірге, Украинадан екі ұйым және жеті компьютерлік техник бар. Бұл ұйымдар мен жеке тұлғалар Иран баллистикалық зымыран бағдарламасына материалдық көмек немесе техникалық қолдау көрсеткен делінген, әрі Ираннан Сүрияға қару-жарақтар мен жауынгерлерді жеткізуге көмектескен деп айыпталды. Тағылған айыптардың арасында АҚШ қаржы жүйесіне желілік шабуыл жасағаны туралы да айтылды. 

Санкцияның мазмұнында аталған заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың Америка Құрама Штаттарындағы активтері тоқтатылады; америкалықтардың олармен байланыс орнатуына тиым салады делінген. Қаңтар айында Трамп АҚШ президенті болып сайланғаннан бері, АҚШ үкіметі Иранның баллистикалық зымыран бағдарламасына қатты шүйлікті. Әрі Иранның зымыран бағдарламаларын шектеу мақсатында бірқатар санкцияларды жолға қойды. Ал, Иран жақ зымыран технологияларын дамыту Иранның қорғаныс қуатын дамытудағы бұлжымас стратегиялық жоспары деп отыр.

Дереккөз: qazaqtimes.com 


15 қыркүйек 2017, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.