Атырау, 25 сәуір 20:16
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Назарбаев saebiz жайлы ойын айтты

3 075 просмотра


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне сатылай көшу қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Латынға көшу бәрін де алаңдатып жатыр. Бұл туралы көп айтылды, ғалымдар көп жұмыс істеді, тарихты ақтарды, өзге елдің тәжірибелерін қарады. Ешқандай да ілгек болмасын деп айтқанмын. Таза қазақша дыбыстар бар - сегіз әріп. Соларды келтіріп беру керек, мәселе осында", - деді Президент. 

"Парламентке талқылауды ұсынғанмын, барлығы ескертуін айтты, қазір жіті қарап жатыр. Тілтанушылар, ғалымдар, тарихшылар келісімге келіп, айтса ғана жаңа әліпби жайлы жария етемін. Кирилл өз рөлін сақтап қалады. Сондықтан кирилл қарпін қолданып, орыс тілінде сөйлейтіндер алаңдамай-ақ қойса болады. Мендегі бар мәлімет бойынша, шамамен 2022 жылы бірінші сыныптан латын әліпбиінде сабақ өткізіле бастайды (...) 

Мұнда мәселе түзеуде. Маған кеше Интернетте "сәбіз" сөзінің латынша saebiz екенін айтты, мәселен немісте "мектеп" Schule ғой. (...) Қазақ тілінде "ю", "я", "ь" әріптері жоқ. Осы әріптерді қолданып, қазақ тілін бұзып жатырмыз, сондықтан негізін түзейміз. Бұл өте маңызды шара. Мұнда атүсті қарауға болмайды, сондықтан саралай келе өту керек", - деді ол.

Дереккөз: Tengrinews.kz


14 қыркүйек 2017, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.