Атырау, 20 сәуір 04:12
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Бейбарыс» маусымға әзір

1 979 просмотра

Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Худяков


Шайбалы хоккей бойынша тұрақты ел чемпионаты басталды. «Бейбарыс» ХК дайын ба? Бұл туралы баспасөз хатшысы Павел САМОЙЛО айтып берді.

Команда құрамы аса көп өзгеріске түсе қоймады. Былтырғы ойыншылардан мұз айдынына Артем Микушин (қақпашв), Денис Макаров (қорғаушы, команда капитаны), шабуылшылардан Вадим Митряков, Евгений Дерябин, Александр Зубков, Павел Плотников, Альберт Вишняков, Константин Баранов, Темірлан Жакыбаев, Илья Малюшкин, Максим Шарифьянов, қорғаушылардан Дмитрий Степанов (ҚР құрамасының ойыншысы, 2017 жылғы әлем чемпионатына қатысушы) пен Роман Смирнов шығады.

Команда капитаны Денис Макаров
Маусым арасында клубтан Андрей Спиридонов, Андрей Огородников және Никита Цирулев кетті – олар «Алматы» ХК-на ауысты; Элиэзер Щербатов «Слован» ХК-на (Братислава), Мартин Чакайик «Катовице» ХК-на (Польша), Кирилл Гаврилычев «Ермак» ХК-на (Ангарск), Илья Гуляков «Арлан» ХК-на (Көкшетау), Алексей Рыжих – «Сарыарқа» ХК-на (Қарағанды) кетті, Адам Свобода (қақпашы) карьерасын аяқтаса, Александр Вологодский әзірше клубтарда жоқ.

Келгендер: былтырғы чемпион «Номад» командасынан бес ойыншы (Астана) – Евгений Болякин, Диас Мадиев, Иван Степаненко, Артем Севостьянов және Булат Хамматов; «Сахалин» ХК-нан Денис Короваев, «Торпедо» ХК-нан Михаил Рыбалко, «Құлагер» ХК-нан Евгений Чемерилов, «Сарыарқа» ХК-нан Анатолий Васильев пен Виталий Смольянинов, чехиялық «Варнсдорф» ХК-нан Константин Пальмтаг, «Сарматы Оренбуржья» ХК-нан Артем Сергеев, сонымен қатар атырау хоккейінің тәрбиеленішулері – 20 жастағы Михаил Панов пен 17 жастағы Айдын Хапыштаев. Құраманы ҚР құрамасының хоккейшілері Вячеслав Трясунов пен Максим Худяков толықтырды.

Атырау хоккейінің түлегі А.Хапыштаев

Бапкерлер қатарында да аздаған өзгерістер орын алды – команданы бұрынғыша Александр Истомин басқарады, оның екі көмекшісі Владимир Клинга мен Олег Болякин орындарын сақтап қалды, ал үшінші көмекшісі Артем Аргоков «Бейбарыс» ХК-ның балалар хоккейі бөліміне ауысты.

Жазда команда Белоруссияның Лида қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, А.Дубконың турнир-мемориалына қатысты. Турнир қорытындысы бойынша ең мықты үш команда алты ұпайдан алды, сондықтан жүлделі орындарға ие болғандарды анықтау үшін жеке кездесулер өткізілді – нәтижесінде «мәмлүктер» «Динамо» (Санкт-Петербург) мен «Шахтердан» (Солигорск) кейінгі 3-орын алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 қыркүйек 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.