Атырау, 20 қыркүйек 17:55
Түнде ашық+19, таңертең +27
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 340.95  € 408.73  P 5.87

Қала келбеті: сырты бүтін, іші түтін  

13 қыркүйек 18:04


Атыраудың орталық көшелерінде қыдырып жүріп, оның сәулеттік әдемілігіне қызығуға болады. Әп-әсем, «Мариотт» бар, ТШО-ның керемет кеңсесі, «Ардагер» тұрғын үй кешені, ақ-көкке боялған мешіт. Алайда үйлердің арасына бара қалсаңыз, сурет көз алдыңда өзгереді.



ҚАЛЫҢ ҚАМЫС, ЫРЫҚ-ЖЫРЫҚ ҚОРШАУ

Мәселен, Сарыарқа ықшамауданында биіктігі екі метр болатын қалың қамыс өсіп тұр. Оның сыртындағы профлистен салынған қоршау жел тұрса болды, салдырлап шыға келеді. Зомбилар мен ақырзаман туралы фильмдерде осындай кадрлар көп кездеседі. Онымен қоса аумақты темір қоршап тұр, оның сыртындағы жабындысы қаңбақ секілді жол бойында ұшып жүр.



Қамыс өскен аумақты айнала жүріп, жер телімінің сатылатыны туралы тақтайшаны көрдім. Телефон нөміріне соғып, қамыстарды кім жоятынын сұрағанымда қатқыл дауысты ер адам ол жаңа иелерінің жұмысы екенін жеткізді. Яғни, қазіргі иесінің шаруасы жоқ. Дәл осындай суретті Сәтпаев даңғылының қарсы бетіндегі «Нұрбанк» ғимаратының жанынан да көруге болады. Сықырлаған қоршаумен қоршалған үлкен территория қоқысқа толы.

Ескі Гурьевтің көзіндей болған Азаттық даңғылындағы ғимараттардың арты да быт-шыт. Өзі шамалы балалар алаңын шөп пен қамыс басып кеткен. Тұрғын үй массиві бойында қоқыс пен ағаш бұтақтары шашылып жатыр. ПИК жұмысшылары тазалық жұмыстары кезінде бұтақтарды кескен болуы керек. Ал оларды кімнің жинайтыны белгісіз.



ПИК-ке қоңырау шалдым:

- Тазалық жұмыстарынан кейін контейнерлерге тастайтын үлкен көлемдегі қоқыстарды кімдер әкетуі тиіс?

- Ол «Арнайыавтобаза» ЖШС-нің міндетіне кіреді.

- Бірақ олардың міндетіне тек қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару кірмей ме?

- Қызым, біз ол қоқысты жинамаймыз! Қазір түскі астың кезі. Сағатыңызға қарасаңызшы!

Байланыс үзіліп кетті...



АЙЫППҰЛ АЛАҢЫ

Үйлердің маңындағы тазалықты сақтау – ПИК-тің тікелей міндеті. Алайда, үй айналасындағы учаскенің шекарасын анықтайтын нақты сандар жоқ. Оларды анықтау кезінде түрлі шаруашылық элементтер, спорт және балалар алаңдары ескеріледі.

Мәселен, ПИК-тердің бірінде маған үй айналасындағы аумақтың шекарасы ғимараттан 5 метрді құрайтынын айтқан. Осындай аумақтағы тазалық үшін ПИК жауапты. Қалғаны – қала билігінің мойнында. Басқа ПИК-тегілер тек 3 метр қашықтықтағы жердің тазалығына жауапты екенін айтты. Сонда қалай, егер балалар алаңы алыстау тұрса, ешкімге керек болмағаны ма?



Интернетті ақтарып отырып Павлодардағы ПИК-тің жұмысы туралы материалға көзім түсті. Үй айналасындағы 5 метр аумақтан басқа ПИК міндетіне тазалық жұмыстары, уақ және ірі тұрмыстық қалдықтарды шығару, сыпыру, қамыс пен қурайды шабу және шығару кіреді. Осындай жұмыс көлемін орындай алмайтын кооперативтерге ӘҚБтК-тің 505-бабы («Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу») бойынша айыппұл салынады. Ал, біздің ПИК-тердің шаруасы түгел.

Қамыстар мен қураған шөпті уақытында шаппағандықтан Атырауда биылғы аптап жазда бірнеше өртену жағдайлары орын алды. Екі рет балабақшалардан бірнеше метр жерде қамыс өртенді. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары өрт сөндірушілерді дер кезінде шақырып үлгермегенде соңы қайғылы аяқталар ма еді. Махамбет көшесіндегі 128 «б» үйдің жанындағы қамыс өртенгенде де өртті бүкіл үй болып өшірген.

- Кешқұрым еді, мен терезе ашып, бөлмені желдетіп алғым келді. Сол кезде түтіннің иісін сезіп, терезеден қою түтінді көрдім. Бірден өрт сөндірушілерді шақырдық, олар келгенше өзіміз сөндіруге кірісіп кеттік, себебі, өрт тұрбалардың қаптамасына қарай ойысқан еді. Су толы шелектерді жіппен төмен түсіріп тұрдық. Өрт сөндірушілер келгенде жалынды басып үлгерген едік, - дейді үй тұрғыны.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

652 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Пәтер төлемақысы көтеріледі  843 рет қаралды

Тізімге енбей қалған үй  1185 рет қаралды

Мәскеу қаласының 15 мың шаршы метр аумағы өртке оранды  313 рет қаралды

Теледидардан сақтан  1267 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6