Атырау, 19 қараша 04:29
Таңертең бұлыңғыр болады+4, күндіз +4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 332.38  € 391.28  P 5.55

Қазақстандық экология белсенділері ақпарат алу қиындығын сынады

13 қыркүйек 16:29


Қазақстан БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясының ақпаратқа қол жетімділік, қоғамның шешім қабылдау процесіне қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әділ сотқа қол жету туралы Орхусс конвенциясының талаптарын орындай алмай отыр. Қазақстандық ЭКОМ және "Экофорум" экологиялық қоғамдық ұйымдары мен чехиялық "Арника" ұйымының бірлесе таратқан хабарламасы бойынша, бұл туралы Павлодардағы ЭКОМ ұйымының төрағасы Светлана Могилюк Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан Орхусс конвенциясы жақтастарының алтыншы жиынында мәлімдеді.

"Экофорум" ұйымының төрағасы Вадим Ни Азаттыққа Черногориядан телефон арқылы өзі Қазақстандағы экологиялық белсенділердің қудаланып жатқаны туралы баяндама жасап, Светлана Могилюк Қазақстандағы экологиялық белсенділердің жағдайы туралы есеп бергенін айтты. Оның сөзінше, Қазақстаннан жиынға үкімет делегаттарынан өзге елдегі жағдай туралы баламалы ақпарат жеткізу үшін екі белсенді ғана барған.

Светлана Могилюктің айтуынша, Қазақстанда "ақпарат беруді сұраған өтініштердің жартысына жуығы жауапсыз қалады немесе жартылай ғана орындалады. Қоғам өкілдерінің шешім қабылдауға қатысуының нақты процедуралары мен қоғамдық пікірді ескерудің нақты тетіктері жоқ. Ол сонымен бірге судьялардың сотты қарау процедурасы өте күрделі екенін, соттар кейде халықаралық құқық нормаларын сақтамайтынын айтады.

"Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жойылған үкіметтің не нәрсеге басымдық беріп отырғанын айқын көрсетеді" деді Светлана Могилюк.

Белсенділер үкімет "жасыл экономика" мәселелері бойынша заңнамаларды кәдімгідей өзгертіп жатқанына қарамастан олар қоршаған ортаға және шешім қабылдау процесінің ашықтығына кері әсер етеді деген қорытынды жасаған. Белсенді өзгерістердің көбін бизнес өкілдері ұсынғанын айтады.

Могилюк бұған қоса мемлекеттік органдар мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытыдысы жайлы ақпаратты жариялауға міндетті емесін, ал тұрғындар қабылданып жатқан жоюалардың көпшілігінен хабарсыз екенін айтады.

Будвадағы Орхусс конвенциясын қолдайтын тараптардың алтыншы жиыны 11-15 қыркүйек аралығында өтіп жатыр.

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

257 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Журналистер жеке бас мәліметті жариялау үшін рұқсат алуға міндеттелмек  584 рет қаралды

Мұнайсервис Жер қойнауы туралы кодекске қарсы  1492 рет қаралды

Мәжіліс БАҚ туралы заңға өзгерісті алғашқы оқылымда мақұлдады  173 рет қаралды

"Рухани жаңғыру" бағдарламасына қанша ақша бөлінетіні белгілі болды  265 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5