Атырау, 24 қараша 05:15
Таңертең ашық+1, күндіз +3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.00  € 390.72  P 5.65

Назарбаев қазақстандықтарды смартфон қолдануды үйретуге шақырды

13 қыркүйек 16:26


Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды смартфон қолдануды үйретуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстан Президенті жаңа технологияларды енгізу мәселесіне қатысты ойын айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, инновацияларға қарамастан, халық түгелдей жаңа гаджеттерді қолдануды білмейді. 

"Цифрлық экономика үшін халықтың цифрлық сауатын ашу өте маңызды. Қазір бір дамыған заттар жайлы, Uber жайлы айтып отырмыз. Халық ше? Алысқа бармай-ақ мына тұрған Ресейде, Қазақстанда бұл туралы біле ме? Жоқ. Біздің енгізуді жоспарлап отырғанын да білмейді. Үйрету керек. Смартфон қолдануды үйрету қажет. Сондықтан алдымызда атқарылар жұмыс көп, көп айту керек, түсіндіру керек, үйрету керек", - деді Президент цифрландыру мәселелелері жөніндегі республикалық жиында.  

Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықты оқулықты ашып, білім алуға шақырды.  

"Барлық қазақстандық: оқушы баладан зейнеткерге дейін. Қайтадан кітап оқуы керек. Оқытпағанның бәрін қайта оқи бастауы керек. Менің буыным тіпті де білмеді. Бүгінгі орта буын да солай. Сондықтан қазақстандықтар, барлығы оқулықты ашуы керек, түсіне бастауы тиіс. Өмір бойы білім алу нормаға айналып жатыр", - деді Мемлекет басшысы.

Дереккөз: Tengrinews.kz


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

295 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Президент басшылық жүретін жолдарды жөндей бермеуге шақырды   480 рет қаралды

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады  619 рет қаралды

Назарбаев: Латынға өту - заман талабы   544 рет қаралды

Назарбаев Путинмен Украинадағы жағдайды талқылады   839 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5