Атырау, 20 сәуір 16:41
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ауқымды цифрлық өзгерістерге қадам басқалы тұрғанымызға ешқандай күмән жоқ - Абаев

1 426 просмотра


Бұл туралы бүгін Цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңес барысында тілшілерге берген сұхбатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Бүгін  бағдарламаның алдын ала таныстырылымы өтті. Мемлекет басшысы барлық ұсыныстарды ескере отырып, оны пысықтауды тапсырды. Атап айтқанда, біз қазіргі кезде ауқымды цифрлық өзгерістерге қадам басқалы тұрғанымызға ешкім де күмәнданбайды. Егер де осы үдерістен қалмасақ, онда осындай бағдарламаны қабылдайтын 15-ші ел боламыз. Бұл өз кезегінде мемлекетке қажетті шараларды үйлестіруге, жеке бизнеске көмектесуге, цифрландыру бағытын күшейтуге көмектеседі. Ал цифрландыру қандай нәтиже беретінін өздеріңіз жақсы білесіздер, яғни бұл бағытта ашықтық, барлық шығындарды оңтайландыру, рәсімдерді жеделдету, қауіпсіздік секілді негізгі қажеттіктер қамтамасыз етіледі», - деп тоқталды министр. 

Осы орайда Д. Абаев еліміздің цифрлық саясатын жүзеге асыруға барлық салалалар өздерінің үлесін қосатынына сенімді екенін атап өтті. 

«Әрбір мемлекеттік органның өзіндік цифрлық саясаты бар. Кеңес аясындағы көрмеден байқағаныңыздай, «Самұрық-Қазына» қорынан бастап, ҚР Бас прокуратурасына дейін қажетті жоспарды қарастырып отыр. Әр салада цифрландыру жүргізіледі, себебі қаржы мен адамның уақытын үнемдейтін қажетті бағыт. Сондықтан жалпы Үкімет болып бұл бағдарламаға көңіл бөлеміз деген ойдамын», - деді Дәурен Абаев. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, арналған республикалық кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды цифрландыру жөніндегі арнайы комиссия құру керектігін айтты. 

«Президент жанынан арнайы комиссия құру қажет. Жұмыс органы Премьер-Министр мен оның кеңсесі болады. Бағдарламаны ескертпелерді қаперге ала отырып соңына дейін аяқтаңдар, оны нақтылаңдар және іске көшіңдер. Жылдың соңына дейін сіздерге уақыт беріледі. Келесі жылдың 1 қаңтарынан жеке өзім ай сайын бақылауға алатын боламын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат


13 қыркүйек 2017, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.