Атырау, 16 сәуір 22:13
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

"Нартай Дүтбаевтың сотталуы кімге керек немесе Әбілазовтың бұл іске қандай қатысы бар?", "Мырзан Кенжебай. Қауіп қытайдан ба, орыстан ба?", "Үшінші дүниежүзілік соғыс КХДР бастаған ядролық соғыс бола ма?", "Жаңаөзен мектебіндегі хиджаб дауы"

2 652 просмотра

ZHASALASH.KZ. "«Даладағы қуғын» даладағы қырғынның басы ма?!" - «Мұрныңнан тесіп жетектегенмін», «сағат тоғыз жарым», «сағат сенікі, бесатар менікі» секілді сөздерді айта бастасаң, тәуелсіздікке дейін туған буын бірден «Бандыны қуған Хамит па?» деп есіне түсіре қояды. Бұл фильмнің халық арасындағы екінші аты осылай. Шамасы, орта мектептің әдебиет пәнінде С.Сейфуллиннің осы аттас туындысы болғандықтан шығар. 

AZATTYQ.ORG. "Жаңаөзен мектебіндегі хиджаб дауы" - Жаңа оқу жылы басталғалы Жаңаөзендегі орамал тағатын 60 шақты оқушы қыз бала сабаққа бара алмай жүр. Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, олардың дені бастауыш сыныпта оқиды. Бөлім басшысы балаларының орамалын шешуден бас тартқан ата аналарды сотқа бермекші. Ата-аналар «конституциялық құқығымыз бұзылды» дейді.

"Мирзияевтің әйелі «көлеңкеден» шыға бастады ма?" - Шавкат Мирзияевтің Бішкекке сапары кезінде жұрт назары Өзбекстан басшысының өзіне ғана аумай, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары оның жұбайының көркіне де назар аударды.

ABAI.KZ. "Мырзан Кенжебай. Қауіп қытайдан ба, орыстан ба?" - Неге екенін қайдам, маған бүгінгі Қазақстан билігінде отырғандардың көпшілігі өмірге, осынау жарық дүниеге көзқарасы қалыптаспаған, іс-әрекеті бірде – олай, бірде – бұлай, аумалы-төкпелі, мінез-құлқы, сөйлеген сөзі, айтқан ой-пікірі қысқа күнде қырық құбылып тұратын, сөйте тұра мол байлыққа, топан ақшаға кенелудің жылт еткен сәтін қалт жібермейтін дүниеқоңыз, той-думанға тоймайтын жасөспірім «переходный возрасттағы» жігіт-желең, қыз-қырқын сияқты көрінеді де тұрады. Және олардың бүйту себебі ықылым заманнан осы жердің, осы елдің иесі қазақ бола  тұра бұл мемлекетті «Қазақ Елі», «Қазақ Мемлекеті» деуге кім көрінгеннен қорқасоқтап  Қазақстан Республикасы деп атауының кесірінен болған сияқты. 

"Ұлт мәртебесi ұрпаққа сын" - Қазақстан жас мемлекет деген ұғым санамызға сiңiсiп, салтанат құрғалы қашан. Халықтың сан жағы да, оған телiнген мәдени-экономикалық жағы да соның айғағы. Алайда, сол жасымыз қалай өзi деген сауал саралауды қажетсiнетiнi және заңды. Ендiгi әңгiме тиегi осы.

QAZAQTIMES.COM. "Нартай Дүтбаевтың сотталуы кімге керек немесе Әбілазовтың бұл іске қандай қатысы бар?" - Жақында Ақмола облысының әскери соты ҚР ҰҚК-нің экс-басшысы Нартай Дүтбаевты мемлекет құпиясын жариялады және қызметін асыра пайдаланды деген айыптар бойынша кінәлі деп танып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Осыған байланысты біз Нартай Дүтбаевтың ісіне қатысты туындаған бірнеше сұрақтарға жауап іздеп көруді жөн көрдік.

QAMSHY.KZ. "Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ұлтшылдығының рухани көсемі" - Қазіргі қоғамдық санада «Ұлтшылдық» ұғымы жағымсыз реңкке ие болып, ол жөнінде айтыла қалса, ойымыз тіпті нацизмге дейін әлдебір сұрықсыз, тұрпайы құбылысты бейнелейтін деңгейге жеткен. ХХ ғасырда нацизмді басынан кешірген адамзат баласы ұлтшылдықтан үрейленетін дәрежеге жетіп, оны қабылдағысы келмейтіндей сыңай танытуда. Сонымен бірге, посткеңестік жас мемлекеттерде кеңестік идеологияның ұлтшылдыққа таңған ескірген ұғымдары әлі де сақталуда. Дәл осы арада біз Францияны, Германияны, Ресейді, Үндістанды, Иранды тағы да бүгінде қуатты мемлекеттерге айналған елдердің тарихи даму сатысында ұлтшылдық кезеңінен өткендігін, егер ондай кезең болмаса аталған мемлекеттер біртұтас саяси-қоғамдық құрылым бола алмайтындығын не ескергіміз келмейді, не болмаса олар жөнінде білеріміз көп емес.

"Үшінші дүниежүзілік соғыс КХДР бастаған ядролық соғыс бола ма?" - Соңғы уақытта халықаралық жағдайда шиеленісті мәселеге айналған Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы аясындағы әңгіме, дау, жанжал, болжамдар толастар емес. Сарапшылардың бір сыпырасы үшінші дүниежүзілік соғыс дәл осы Солтүстік Кореяның қатысуы мен Америка алпауыты арасында болады деп  болжайды..

INFORMBURO.KZ. "EXPO-ға келушілер үш ай ішінде мың жарымнан астам зат жоғалтқан" - Көрме жабылғанымен, жоғалтқан затыңызды алып кетуге болады. Ол жерде мыңнан астам зат өз иелерін күтеді. Табылған жеке куәліктер тізімін осы мақаладан табасыз.

AIKYN.KZ. "Теңіз диверсанттары" - Жер шарының 70,8 пайызын әлемдік мұхит суы алып жатыр. Теңіз — 100 миллионнан астам адамның еңбек ететін аренасы. Қаншама мыңдаған кемелер әлемдік мұхиттарды ерсілі-қарсылы кезіп, бір елден екінші елге әртүрлі тауарлар тасымалдайды. Нейтралды суларда мұнай өнімдерін, жүк, жолаушылар тасымалдайтын кемелерден тыс олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әр елдің әскери корабльдері мен сүңгуір қайықтары да жүреді. Жүк немесе жолаушы кемелерінен гөрі апатты жағдайларға жиі ұшырай­тын ұдайы жауынгерлік жорықтарда жүретін әскери кемелер. Әртүрлі елдердің туы астында жүзіп жүрген соғыс кемелері ұшы-қиыры жоқ нейтралды суларда кездесе қалған жағдайда өзара байланыс жасап, ақпарат алмасқанша торпеда, ракета сияқты жойқын қаруларын бір-бірі­не бағыттап, қарауылда ұстап отырады. Өткен ғасыр­дағы қырғи-қабақ соғыс кезінде КСРО мен НАТО кемелері арасындағы қақтығыстардан көптеген әскери теңізшілер су түбінде қалды. Мысалы, белгілі бір акваторияда қарсыластары қойып кеткен минаға түседі немесе әртүрлі диверсиялық жұмыстар жасалады. Әлемдік суларда жүретін Әскери-теңіз флотының сүңгуір қайықтары мен кемелерінде ондай оқиғалар жиі болып тұрады, бірақ әскери құпия ретінде сыртқа шығарылмайды. Тек олардың қолдарымен жасалған кейбір оқиғалар ғана арада ұзақ жылдар өткеннен кейін құпиялық санаттан шығарылып, жариялануы мүмкін.

"Солтүстік Корея соғыс тілеп отыр ма?" - Бейбітшілікті жақтайтын ұрандарын қажет кезінде сап тыйып, тыныштықты бұзбау туралы ұстанымдарын өздері құлататын әлем мемлекеттерінің арасында текетірес толастаған емес. Оның негізгі ойыншылары ауысқанымен, саяси алаңнан бітпейтін таластың екі тарапын еншілеген­дер қашан да табылады. Биыл АҚШ пен Солтүстік Корея­ның бұрыннан жылуы жоқ қарым-қатынастарының жаңа ядролық соғыс шегіне жақындағанымен есте қалады. Осы жылдың ақпан айынан бастап, КХДР жаппай қырып-жою қаруын 14 рет сынақтан өткізіп, әртүрлі сипаттамадағы 21 зымыран ұшырған.

13 қыркүйек 2017, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.