Атырау, 24 қыркүйек 11:43
Күндіз ашық+24, кешке +17
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 340.35  € 405.46  P 5.87

АҚШ пен Ресей шиеленіскен қарым-қатынасын реттеуге тырысып жатыр

13 қыркүйек 11:29

АҚШ Мемлекеттік хатшысы және Ресей СІМ басшысы. Фото:ABC News

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков пен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Томас Шэннон Финляндия астанасы Хельсинкиде 11-12 қыркүйек күндері кездесу өткізіп, екі ел арасындағы «Дипломатия соғысын» барынша бәсеңдетуге тырысып бақты. Бұл туралы «Шинхуа» агенттігі сайтында жазды. 

Ресейлік «Спутник» ақпарат агенттігі 11 қыркүйек күнгі хабарында, тараптар Бір-бірінің консулдықтарына қатысты шектеулерді өз ішіне алған екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқылады деп хабарлаған болатын. Сергей Рябков: «Егер АҚШ-та Ресей дипломаттарының қызметі шектелсе, өзара қарым-қатынаста Ресей де американдық дипломаттарға бірдей шектеулер енгізеді», – деген пікірде. 

Сол күні Ресей Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Ресейдегі дипломаттарын емдеу қызметтері де, АҚШ-тағы ресейлік қызметкерлердің емдеуіне негізделетінін мәлімдеген еді. Бұл жолғы кездесу кезінде екі жақты қатынастардың стратегиялық тұрақтылығын да талқылады. Бұл бірнеше тармақты қамтиды, айталық: ядролық қарумен қорқыту мәселесінде, ғарыштық технологиялардан тартып зымыран қорғаныс жүйелері мәселесі де талқылауға түсті. 

АҚШ ABC арнасының хабарына қарағанда, жақында АҚШ пен Ресей ағымдағы шиеленісті жеңілдету үшін сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткізбек екен. Шілде айында, АҚШ Конгресі Ресей және өзге үш елге қарсы соңғы санкцияларды қабылдады. Бұл қадамның жауабы ретінде Ресей жақ 755 америкалық дипломатиялық қызметкерді қысқартты. Кейін екі жақта дипломаттарды қысқарту ұсыныстарын ортаға қойды. Құрама Штаттар ресейлік тараптан 2 қыркүйекке дейін Сан-Франциско Бас консулдығы мен Вашингтонда және Нью-Йорктегі дипломатиялық мекемелердің біреуін жабуды сұрады. Бұл екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасының ең бір нашарлаған тұсы деуге болады. Десе де, соңғы кездері екі ел сыртқы істер министрліктері қарым-қатынасты қайта ретке салуға тырысып отыр. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

196 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Ресей АҚШ дипломаттарына қатысты санкция салды  563 рет қаралды

Мәскеу Ресейдің Қазақстанға қатысты саясатына түсінік берді  657 рет қаралды

Путин мен Трамп телефонмен сөйлесті  718 рет қаралды

АҚШ пен Ресей БҰҰ-да Украинаға қатысты дауласты  1105 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6