Атырау, 20 сәуір 09:48
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Байқоңырдан" жаңа экипажы бар ғарыш кемесі ұшырылды

2 181 просмотра


"Байқоңыр" ғарыш айлағынан өздігінен басқарылатын "Союз МС-06" транспорттық ғарыш кемесі бар "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылуы сәтті аяқталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өндірісі министрлігінің баспасөз қызметі.

Кезекті ұзақ мерзімді экспедицияға зымыран тасығыш Астана уақыты бойынша 03:17 "Гагарин стартынан" ұшырылды. 

Екі "Союз" кемесі осымен 133-ші рет ұшырылып жатыр.

Экипаж құрамында Роскосмос ғарышкері Александр Мисуркин (экипаж командирі), NASA астронавттары Марк Ванде Хай (бортинженер) және Джозеф Акаба (бортинженер) бар.

Жоспарланған ұшу уақыты — 167 тәулік.


13 қыркүйек 2017, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.