Атырау, 24 қыркүйек 11:41
Күндіз ашық+24, кешке +17
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 340.35  € 405.46  P 5.87

Өзбекстанда діни себеппен сотталғандар босатылуы мүмкін

13 қыркүйек 10:14

Саиджахон Зайнобиддинов, өзбекстандық құқық қорғаушы

Өзбекстанда діни себеппен сотталған адамдардың туыстары түрмеден хат-хабар ала бастады деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек редакциясы. Онда жазаны өтеу мекемесінің әкімшілігі сотталушылардың жаза мерзімінің аяқталатыны жөнінде хабарлап, туыстарын түрмеден алып кетулерін сұраған.

Бұл жөнінде әндіжандық құқық қорғаушы Саиджахон Зайнобиддинов хабарлады. Оның сөзінше, Өзбекстанда мұндай тәжірибе бірінші рет жүзеге асып отыр.

- Абақтыда туыстары отырған адамдармен тікелей сөйлестім. Олар жазаны орындау мекемесі әкімшілігінен хат алған. Онда діни себеппен 2000 жылдан бері түрмеде отырған азаматтардың бостандыққа шығатыны хабарланған. Бұл хатта сотталушылардың туыстарына өздері келіп, абақтыдағы ұлдарын алып кетуді сұраған, – дейді әндіжандық құқық қорғаушы.

Осыған дейін өзбек билігі "қара тізімдегі" азаматтардың ісін қайта қарап жатқаны жөнінде хабарланған. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Өзбекстанда "қара тізімге" алынған 17 мың адамның 16 мыңы "қауіпті азаматтар" санатынан алынып тасталған.

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

162 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

ҰҚК 33 адамның діни себеппен ұсталғанын хабарлады  658 рет қаралды

Девальвациядан кейін өзбек көлігінің құны өзгере ме?  777 рет қаралды

​Мемлекеттік қызметшілерге мешітке баруға тыйым салына ма?  324 рет қаралды

Балаларына екпе салудан бас тартқан ата-аналарға айыппұл салынбақ  175 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6