Атырау, 24 сәуір 16:32
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"Латынға көшу қажеттілік, бірақ...", ""Табиғи қуат іздеу" һәм "даңғойлық жәрмеңкесі"", "Қазақ ұлтшылдығы және Алтынбек Сәрсенбайұлы", "Сакаашвилидің елге ентелеп енгені ерлік пе?", "Біздің билік орыс тіліне неге «зависим»?"

2 132 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Қазақ ұлтшылдығы және Алтынбек Сәрсенбайұлы" - Уақыт тоқтап тұр. Ұлттың уақыты. Ұлт өз уақытын уысынан шығарып алды. Уақытынан айырылған соң оны бақылай алмайды, есеп бере алмайды, әрекет ете алмайды. Ұлт уақытының тоқтап тұруы – ұлттың арман-тілегі, мақсат-мүддесі, ой-санасы ұйысқан ұлттық идеяның жалғастырушысы жоқ. Тарихта ұлттың уақытын тоқтатпаған, сол жолда күрескен тұлғалар бар. Олардың басты миссиясы – ұлттық идея отын өшірмей, жалғастырды.

"Есімовтің есебі ақталмады немесе ЭКСПО ішкиімсіз қалдырды" - Сонымен, үш айға созылған ЭКСПО-2017 көрмесі де өз мәресіне жетті. Талай әңгімеге арқау болған ғаламдық шараны елорда тұрғындары жаңбырлатып жүріп шығарып салды.

AZATTYQ.ORG. ""Табиғи қуат іздеу" һәм "даңғойлық жәрмеңкесі"" - Президент Назарбаев EXPO көрмесі қорытындыларына "тамаша" деген баға берді. Ал сарапшылар оларды әрқилы бағалайды.

"Моңғол президентінің кеңесшісі – қазақ жігіт" - Моңғолиялық Жандос Шәріпұлы көппартиялы жүйенің арқасында сол елдегі саясатқа араласқанын айтады. "Бұл қызметке қарым-қабілетіме байланысты ие болдым" дейді ол.

ABAI.KZ. "Біздің билік орыс тіліне неге «зависим»?" - «Орыс тілін білуіміз – біздің тарихи жетістігіміз, басымдығымыз». Бұл - Тәуелсіз Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтқаны. Қазақстанның негізгі заң шығарушы органын тізгіндеп, үш партиядан құралған 107 депутаттың жұмысын басқарып отырған кісінің дүйім жұртқа айтқан ақылды сөзі осы болды.

""Prado" мінбеген әкім - әкімдердің сорлысы" - Біздің Қостанайдың шенеуніктерін күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалдырып жүрген бір жайт бар. Ол жаңадан алған машинасын әртүрлі себеппен одан сайын жаңа машинаға айырбастау. Дұрысы, бюджет ақшасын әкесінен қалған байлықтай есепсіз жұмсау. Оларда «қой, бұл көлікті халықтың ақшасына алдық қой. Әбден тозғанша мініп, сосын-ақ алармын дұрысын» дейтін ой үш ұйықтаса да түсіне кірмейді. Қайта түсіне кеңсесінің есігінің алдында былайғы жұрттың сілекейін шұбыртататын кілең бір су жаңа темір тұлпарлар тізіліп тұрғаны кіреді. Ал бір қызығы, осы түстің көбіне өңге айналып кететіндігін қайтерсің.

QAZAQTIMES.COM. "Қазақстан мен Қырғызстандағы діни ахуал немесе сәләфиттерді кім қаржыландырып отыр?" - Соңғы уақытта Орталық Азиядағы, жалпы әлемдегі діни ахуал ушығып тұрғаны белгілі. Осыған байланысты бүгін біз Қазақстан мен Қырғызстандағы діни фанатизм мен өзге ағымдарға қарсы қандай жұмыстар істеліп жатқанын және қай елде сәләфизм ағымы көбірек тарала бастағанын салыстырып көруді жөн санадық.

"Ресей мен Беларусьтің бірлескен әскери жаттығуы қорғаныс па, қорқыту ма?" - Соңғы күндері Ресей мен Батыс елдерінің бәсекелесуі қару-жарақпен жауаптасудың мүмкіндігін жақындатқандай болды. 14-20 қыркүйек аралығында, Ресей мен Беларусь «Батыс өңір-2017» бірлескен әскери жаттығуларын өткізеді. Әскери оқу-жаттығу (ӘОЖ) болатын аумақтың кеңдігі сонша, солтүстік батыстағы Кола түбегінен тартып Беларусь жеріне дейін жалғасады. Бұл Ресейдің Еуропа елдерімен шекаралас барлық аймағын қамтиды. 

AIKYN.KZ. "Сакаашвилидің елге ентелеп енгені ерлік пе?" - Кеше Украина билігі  Грузияның экс – президенті және Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Сакаашвилиді шекарадан заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартты. Бұл алғашқы айып…

EGEMEN.KZ. "Уақытпен үндескен рухани үрдіс" - Кеше Мәжілісте «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» пар­ламенттік тыңдау өтті. Маңызды мәселе талқыланған алқалы ке­ңеске Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Премьер-Министр­дің орынбасары Ерболат Досаев, Сенат және Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен әліпби жобасын әзірлеуші А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғалымдар, сарапшылар қауымы қатысып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссиясының ұсыныстары кеңінен талқыланды.

QAMSHY.KZ. "Латынға көшу қажеттілік, бірақ..." - Қазақ қоғамында ұзақ уақыттан бері талқыланып келе жатырған өзекті мәселелердің бірі латын қаріпіне көшу десек қателеспейміз. Сонау Тәуелсіздік жылдарынан бері көтеріліп келе жатырған осынау тақырып енді мәреге де таяп қалған сияқты. Бір нәрсе анық – біз қаласақ та, қаламасақ та латын қаріпіне өтеміз. Және бұл уақыт талабы. Одан аттап өте алмаймыз. Ендігі мәселе латын әріпінің қандай нұсқасына өтеміз? Әңгіме осы мәселе төңірегінде болуы тиіс.



12 қыркүйек 2017, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.