Атырау, 28 наурыз 20:26
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Путиннің 2018 жылы өтетін президент сайлауына жоспары дайын

2 224 просмотра


Ресей басшысы Владимир Путиннің алда келе жатқан президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынуға байланысты жоспары дайын - деп жазады Корреспондент басылымы. 

Корреспондент газетінің хабарлауынша, Кремль құрған жоспар бойынша Владимир Путин өзінің президент сайлауына қатысатындығы жайында қараша айында мәлімдеме жасайтын болады. Ал оған дейін ол ел бойынша бірнеше ауқымды шараларға қатысады деп күтілуде. Бірақ бұл жолы Путин ешқандай партияның атынан сайлауға түспейді. Керсінше өзін-өзі ұсынатын болады. 

Естеріңізге салайық, Ресейде 2018 жылы президент сайлауы өтетін болады.  Егерде Владимир Путин осы жолғы президент сайлауына қатысатын болса, онда ол 2024 жылға дейін билік басында болады.

Дереккөз: qazaqtimes.com


12 қыркүйек 2017, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.