Атырау, 29 наурыз 13:05
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Полиция емес, қарақшы болды

8 661 просмотра


Атырауда «Ломбард-Жедел ақша» мекемесін тонау туралы ақпаратта күдікті бұрынғы полиция қызметкері екендігі хабарланған болатын. Бұған қатысты Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА комментарий берді:

- Бұл  күдікті біздің департаментке жұмысқа тұрғысы келді. Біздің департаментке қызмет ету үшін 3 ай сынақ мерзімі тағайындалады. Аталмыш азамат осы сынақ мерзімінен өте алмай, 2 айдан соң жұмыстан шығарылды. Сондықтан, оны біздің қызметкеріміз деп атау дұрыс емес.

Бейресми ақпаратқа сйкес, күдікті қылмыс жасамас бұрын «Ломбард-Жедел ақша» мекемесінен несие түрінде қарыз алған, бірақ қарызды уақытында қайтара алмай, борышкерлер тізіміне іліккен.

Ал аталмыш мекеменің өзінде «қарыз алушы клиенттері туралы мәліметтер үшінші тұлғаға берілмейді» деп жауап бергеннен басқа ештеңе айтпады.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

11 қыркүйек 2017, 19:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.