Атырау, 25 сәуір 16:47
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Астанада ойсырай ұтылды

Сурет
2 542 просмотра

Футболдан ел чемпионатының 26-турында «Атырау» ФК сырт алаңда «Астана» командасымен кездесті.


Алаң иелері - көк-сары киімділер жанкүйерлерінің қолдауынан күш алса керек, матчты жақсы бастады. 8-минутта «Астана» қонақтардың айып алаңының маңында бірнеше тәсілдерді пайдаланып, Марин ТОМАСОВТЫҢ алға өткізген добын Роман МУРТАЗАЕВ жақсы жалғастырып еді. Біздің қақпашы Жасур НАРЗИКУЛОВ құтқарып қалды. 13-минутта Серікжан МУЖИКОВ барлық дерлік қорғаушыны өзіне қарай жинап, айып алаңы бойымен жүгіре келіп, допты қақпаның оң бұрышына қарай қатты тепкен – бұл кезде де Нарзикулов өз орнында екенін көрсетті. Кейін ол Мужиков пен Муртазаевтың бағыттаған доптарынан қақпаны екі рет құтқарып қалды. Алайда Мужиков өз дегеніне жетпей қоймады: 27-минутта ол Дмитрий ШОМКОНЫҢ ыңғайлы пасынан кейін есеп ашты. Тағы 11 минуттан соң Мужиков екінші рет қақпаға гол салды. Үзіліске шығар алдында есеп көрсеткіші тіпті алшақтап кетті – бұл жолы Муртазаев мүмкіндігін текке жібермеді.

0:3 есебінен кейін қонақтар екінші таймда қолдарынан келгенін жасаулары керек еді, алайда бұл күні ештеңе шықпады. Ал «Астананың» жолы болды, есепті осы күйінде қалдырмай, тағы төрт рет қарсыластарының қақпасына доп дарытты (Томасов – екі рет, Срджан ГРАХОВАЦ және Патрик ТВУМАСИ). Матч қорытындысы 7:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. «Атырау» көптен бері осылай күйрей жеңілмеп еді...

Қазір команда 25 ұпаймен турнир кестесінің 10-орнында тұр. Келесі матч өз алаңымызда 16 қыркүйекте «Ақтөбемен» өтеді.

Марат ТАКУЛИН

11 қыркүйек 2017, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.