Атырау, 19 сәуір 18:41
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев жеті жарым жылға сотталды", "Ердоған Астанада. Мьянма геноциді мен мұғалімдердің қудалануы", "Тек қазақ қоныстанған өңірге католик шіркеуі неге керек?", "Сауд Арабиясының патшасы Трампты тарту-таралғымен сатып алды ма?"

1 944 просмотра

AZATTYQ.ORG. "ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев жеті жарым жылға сотталды" - ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевқа сот жеті жарым жыл түрме жазасын кесті. Екі жарым апта бұрын шыққан үкім туралы ақпаратты әскери сот 11 қыркүйекте жариялады. "Дүтбаев ісі" туралы Азаттық жолдаған сауалды өткен апта бойы қараған сот дүйсенбіге дейін шулы іс бойынша жабық өткен соттың үкімі шыққаны жайлы ақпаратты я растамай, я жоққа шығармай келген еді.

"Сарапшы: "Ердоған Түркияның саяси жүйесін өзгертті"" - Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға үш күндік сапармен келді. Астанада ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, екі жақты келіссөздер өткізеді.

INFORMBURO.KZ. "Қалаға үдере көшкен қазақ Алматыға сыймай жатыр. Немесе Алматы маңынан жер сатып алам десеңіз" - Урбанизация жедел жүріп жатқан елімізде көш басында Алматы тұр. Мұнда қазірдің өзінде 1,7 млн астам адам ресми тіркелген. Бұл үрдістің ақыры қайда апарады?

ABAI.KZ. "Ердоған Астанада. Мьянма геноциді мен мұғалімдердің қудалануы" - Сөйтіп Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған келді. Ол Елордада өтетін Ислам елдері саммитіне қатысады. Саммит өтерден сәл ерте келген Ердоған қазақ көшбасшысымен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады. Бұл Режеп Тайып Ердоғаның Қазақстанға бірінші мәрте келуі емес. Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше құрметтейді.  «Түркі елдерінің ақсақалы» деп айдарлы ат тағып, арқасынан қағып жүр.

"Тек қазақ қоныстанған өңірге католик шіркеуі неге керек?" - Біздің Құлсары қаласы – нағыз қазақы мекен. 10 ауыл, өңкей қазақ, кіші жүз, яғни 40 рудан құралған жер. Батыстың ішіндегі қазақшылықтың қаймағы бұзылмаған жер десе де болады. Ауданымызда 80 мыңның үстінде халық бар. Жалғыз түйір мешітіміз бар. Оған жамағат сыймайды. Мешіт салдыруға ешкім ынталы емес және оған рұқсат берілмейді. Себебі, вахабтар көбейіп кетеді-міс.

365INFO.KZ. "Бекболат Тілеухан «латынға көшуге асықпайық» дегендердің аузына құм құйды" - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі қабырғасында латынға көшуде әліпбидің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері бойынша тыңдалым өтіп жатыр.

QAZAQTIMES.COM. "Сауд Арабиясының патшасы Трампты тарту-таралғымен сатып алды ма?" - Құрама Штатта өткен жылы болып өткен президент сайлауы кезінде Дональд Трамптың Сауд Арабиясы жөніндегі ұстанымы қатаң болып еді. Ол Сауд Арабиясына қатаң сындар айтып, адамдық құқық-нормаларын сақтамайды деп жазғырған болатын. Сонымен бірге, Хиллари Клинтон сынды әріптесінің Отбасылық қайырымдылық қорының тамыры Сауд елімен байланып жатыр деп сынға алған. Бірақ, президент болып отырғаннан кейін оның бұл ұстанымы түбегейлі өзгерді. Жақында жарияланған АҚШ Мемлекеттік департаментінің жазбаларының мәліметтеріне қарағанда, Сауд Арабиясы Трамппен жақын достық қарым-қатынаста болып шықты. Бұл туралы «The New York Times» басылымы да саралап көрген еді. 

EGEMEN.KZ. "Латын әліпбиінің жаңа үлгісі таныстырылды" - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» деген тақырыпта парламенттік тыңдау өтті.

SPUTNIKNEWS.KZ. "Қазақстанда дәрі-дәрмек арзандайды" - Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын реттеу жөніндегі заң жобасы таяу арада үкіметке ұсынылады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің маманы Арнұр Нұртаев. Жұма күні конференцияда сөз сөйлеген ол, мемлекет алдында тұрған мәселелердің бірі, дәрі-дәрмектердің бағасы екенін айтып өтті.

AIKYN.KZ. "Гаджетсіз білім" - Әлемде дамыған мемлекеттер өте көп. Алпауыт елдердің бәрі жаңалық ашуға құмар. Бір-бірінен асып түсу үшін озық технологияларды құрастырып, білек сыбанып, жарысқа түсіп кеткендей. Дамудың алғышарттары білімге негізделетіні рас. Шынайы білім рухани құндылықтармен қабысып жатыр ма, жоқ па, мәселе – осында. Әр мемлекеттің білім беру стандарты әртүрлі. Америка мектептері туралы сөз қозғалғанда, олардың қиял әлеміне көбірек ерік беретіні туралы жиі жазылып жүр. Еуропа мектептері де солай. Техникасы қарыштап дамыған Жапония ше? Жапон мектептері қандай құндылықтарға сүйенеді? Жапондықтардың арасынан Билл Гейтс, Стив Джобс, Марк Цукерберг секілді өнертапқыштардың көрінбеуі бізді таңдандырғаны рас. 
Сонымен…

11 қыркүйек 2017, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.