Атырау, 29 наурыз 20:34
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Бетпе-бет соғысып, қаза болды

3 748 просмотра


9 қыркүйек күні таңғы 7-де Жылыой ауданындағы Құлсары-Теңіз жолында екі адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасы орын алды.

Бір-бірімен Kia Rio және Toyota автокөліктері соғысқан. Оқиға орнында екі жүргізуші – осы ауданның 29 жастағы тұрғындары қаза тапты. Көлікте жолаушылар болмаған.

ІІБ-ның баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 қыркүйек 2017, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.