Атырау, 19 сәуір 06:46
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Құтқарушылар орға түскен сиырды шығарды

Сурет
2 566 просмотра


8 қыркүйек күні қала маңындағы Балауса поселкесінде құрылысы жүріп жатқан үйдің иелері шығып кетіп, қайта келгенде тереңдігі 2 метр болатын септикке сиыр түсіп кеткенін көреді. Олар Батыс құтқару отрядына хабарласады.

- Біз айтылған жерге келгенде үй иелерінің айтуынша, сиыр шұңқырда 6 сағаттай тұрған. Құтқару жұмыстарына өрт сөндіретін апаттық-құтқару автокөлігі қатысты, - дейді бөлімше командирі Александр КАЧАЛОВ. 

Қызметкерлердің бірі етік киіп шұңқырға түсіп, арқан кигізіп, содан соң жануарды кранның көмегімен жоғары тартып шығарды. Сиыр өзінің алғысын білдіргісі келді ме екен, мөңіреді де далаға қарай кетті.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Александр КАЧАЛОВ


10 қыркүйек 2017, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.