Атырау, 20 сәуір 12:59
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Күлімсіреңіз, сізді ІІД суретке түсіріп тұр

3 030 просмотра


Атыраулық көлік жүргізушілері Геолог поселкесінде орналасқан жылдамдық өлшеуіш құралдың  барлық көліктерді суретке түсіріп тұрғандығы туралы шағымданған болатын. Заң бойынша жылдамдық өлшеуіш құралы белгіленген межеден (қала ішінде 60 км/сағ ) жылдамдықты асырған көліктерді автоматты түрде суретке түсіріп, кейін айыппұл ресімделеді.

Қыдыр САРЖАНОВ, көлік жүргізушісі:

- Күнде осы жерден өтемін. Жоқ дегенде 4-5 рет. Өткен сайын фотоға түсіре береді. Кейін айыппұл келіп тұрса, жылдамдықты асырмағанымды қалай дәлелдеймін? Дұрыстап жөндеп қойсын, не болмаса сөндіріп тастасын! Бұзбаған ереже үшін айыппұл төлегім келмейді.

«Red Speed» жылдамдық өлшеуіш құралы орналасқан Геолог поселкесіне барып, құралдың  барлық көліктерді суретке түсіріп тұрғанын өз көзімізбен көрдік. 

Осыған байланысты «АЖ» редакциясының ресми сауалына Атырау облыстық ІІД-нің әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ жауап берді:

- Геолог поселкесі тұсында орналасқан «Red Speed» жылдамдық өлшеу құралдарына тексеру-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанына байланысты, қазіргі уақытта аталған өлшеу құралдары тесттік режимде жасауда. Осыған байланысты тексеру және жөндеу жұмыстары жүргізілу кездерінде түсірілген көлік құралдары құқық бұзушылық ретінде тіркелмейді.

Көлік жүргізушілері, Атырау облыстық ІІД-нің жылдамдық өлшеуіш құралына тегін суретке түсе берсеңіздер болады. 

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

9 қыркүйек 2017, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.