Атырау, 24 қараша 05:13
Таңертең ашық+1, күндіз +3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.00  € 390.72  P 5.65

Жедел жәрдем әр санат бойынша

8 қыркүйек 16:33

Жедел медициналық көмектің жаңа ережелері туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА брифингте айтып берді.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрі бұйрыққа жақында қол қойғандықтан жергілікті жерлерде оны жүзеге асыруға тамыздың соңында кіріскен.

Енді шақыртуларға санатына байланысты сараланған тәсіл қолдану тәжірибеге енгізіледі. Бірінші санат – науқастың өміріне тікелей қауіп төніп, жедел түрде медициналық көмек қажет болса, бригада 10 минуттың ішінде жетуі тиіс. Екінші санат - өмірге қауіп төніп тұрса, бригада 15 минутта жетуі керек. Үшінші санат – адамның өміріне емес, денсаулығына қауіп төнсе, жедел жәрдем көлігі 30 минутта жетуі тиіс. Және шақыртулардың соңғы төртінші санаты – егер науқасты өткір аурулар мазаласа немесе созылмалы аурулары асқынса, алайда, ағза мүшелері мен жүйелері бұзылмаса, өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнбесе, бригада шақыртуға бір сағат ішінде бара алады.

- Шақыртулардың алғашқы үш санатына жедел медициналық жәрдем станцияларының деңгейінде, ал, төртінші санатына емханаларда тәулік бойы жұмыс жасайтын жедел медициналық қызмет көрсету бөлімшелерінің деңгейінде қызмет көрсетіледі, - деді Аймұрзиева.

Қазір Атырауда жедел медициналық көмектің орталық базасы, 2 қосалқы станция және Дамбыда тәулік бойы жасайтын күзет орны бар дәрігерлік амбулаторияның бөлімшесі жұмыс жасайды. Олардың жұмысына талдау жүргізген облыстық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдемнің кешігіп келуіне байланысты арыз-шағымдар негізсіз емес деген қорытындыға келді. Шілде айында Бірлікте тағы бір қосалқы станция ашылды.

Жаңа ережелер бойынша анықталған уақыт критерийлері ішінде үлгеру үшін қазіргі кезде аумақтардың зоналарын анықтау бойынша жұмыстар жүруде. Зардап шегушілер бар жол-көлік оқиғалары алыс жерлерде де орын алып жатады, ондай жағдайларда да жедел жәрдем уақытында үлгеруі керек. Сондықтан Атырауда тағы бір қосалқы станция салып, барлық дәрігерлік амбулаторияларда тәулік бойы жасайтын посттар ашу жоспарлануда.

Бір сұрақ – барлық тәуліктік қызмет орындарында кімдер жұмыс жасайды? Нормативтер бойынша «03» қызметінің 80%-ын халықаралық стандарттар бойынша оқыған фельдшерлер құрайды. Жаңа бұйрыққа сай, жедел жәрдем бригадасы келгенше алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ тұлға да көрсете алады:

- Бізде арнайы жаттықтырушылар бар, олар жүргізушілер мен жұмыс бабы бойынша ЖКО, жүрек талмасы және басқа да жағдайлардың куәгері болып қалады-ау деген қызмет көрсететін орындардың жұмысшыларға базалық әдіс-тәсілдерін үйрететін болады. Олар – полиция, ХҚКО қызметкерлері, сауда үйлері мен базардағы жұмысшылар, - дейді Аймұрзиева.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

613 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарының мөлшері нақтыланды   546 рет қаралды

Қоқыс таситын көліктегі бір күн  1805 рет қаралды

«Көре алмасам да өмір сүріп жатырмын!»  1332 рет қаралды

Жерлесіміз қатерлі ісікті зерттеуге 2 млн доллар берді  2548 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5