Атырау, 19 сәуір 05:00
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Сүриядағы соғыстың аяқталар күні жақын ба?", "Мектеп формасы: мәні мен мұңы", "Жанұзақ Әкім. Рухани жаңғыру және өркениет", ""Өлгендерді сол жерге апарып тастай беретін""

2 442 просмотра

AZATTYQ.ORG. ""Өлгендерді сол жерге апарып тастай беретін"" - Ресейдің Новосибирск қаласының іргесіндегі Искитим ауданындағы Ложок кентіндегі жұрт шипалы бұлақ деп атайтын бұлаққа қазір бүкіл Сібірден адамдар барып жатыр. Ал 70 жыл бұрын, 1932-1955 жылдары бұл жерде сталиндік ГУЛАГ-тың ең қорқынышты лагерьлерінің бірі болған еді. Оны №4 жеке лагерь пункті (ОЛП-4) деп атаған.

ZHASALASH.KZ. "«Бір аспанда – жүз мың күн!..»" - Үнді данышпанынан қалған «бір аспандағы жүз мың күнге» байланысты осындай бір тылсымды сөз бар. Алматы аспанындағы жалғыз күннің 40 градустан асқан қызуына шыдай алмай көл мен көлеңке сағалап кеткеніміз күні кеше ғана. Ал сол күн жүз мың емес, екеу болса қайтер едік деп таңғалатындай-ақ жағдай, енді.

INFORMBURO.KZ. "Вокзалда арба сүйреген ақын үшінші жыр кітабына демеуші іздейді" - Бірнеше өлеңдер жинағының авторы, ақын Сәбетай Сыпатай 20 жылға жуық уақыт вокзал маңын паналап, арба сүйреп, нан тауып жүр. "Тағдыр салды, мен көндім" дейді.

ABAI.KZ. "Жанұзақ Әкім. Рухани жаңғыру және өркениет" - Биыл жарияланған рухани жаңғыруды іске асыруға бюджеттен қаржы бөлініп, оның жұмысы басталып кетті. Бұл жаңғырудың қоғамға қажеттілігі қандай? Ол қоғамды жан-жақты жаңғырта алады ма?! Бұл бағдарлама іске асу үшін қоғамда қандай өзгерістер іске асуы керек?

EGEMEN.KZ. "Дулат Исабеков. Белестерге бет түзеген қазақ киносы" - Әр ұлттың тек өзіне ғана тән ерекшелігі болатыны сияқты, оның әдебиеті мен мәдениетінің де өзгеге ұқсамайтын ерекшелігі бары ежелден белгілі қағида. Әр елдің өзіне тән түйсігі мен түсінігі, өзіне тән парасат деңгейі, дүниеге көзқарасы мен қабылдау қабілеті, оған философиялық, көркемдік деңгейде баға беру өлшемі де әр басқа. Бір елдің ұлттық мақтанышы боп бағаланатын өнер туындысы екінші елдің көрермендері үшін қатардағы шығарма немесе көркемдігі төмен дүние ретінде қабылданып жатады. «Орыс әдебиетінің шыңы» деп В.Г. Белинский бағалаған Н.В.Гогольдің, тіпті, «Пушкин для нас – все» деп орыс қауымы пір тұтатын А.С. Пушкиннің шығармалары батыс елдері үшін дәл біздегідей інжу-маржан боп бағаланбайды. Кино өнерінде де солай.

QAZAQTIMES.COM. "Сүриядағы соғыстың аяқталар күні жақын ба?" - Биыл Сүриядағы азаматтық соғыстың жалғасып келе жатқанына жетінші жыл толуға жақындады. Осы уақыт аралығында 465 мың сүриялық қаза тауып, 1 миллионға жуық азамат жараланды, соғысқа дейінгі халық санының жартысына жуығы (12 миллион) туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бейбіт халыққа орны толмас қайғы алып келген, әлі де қашан аяқталары белгісіз қарулы қақтығыстың қайдан басталғанын, соғысып жатқан тараптар мен сарапшылардың болжамдарын қамтыған сараптамамызды назарларыңызға ұсынамыз.

TURKYSTAN.KZ. "Шетелде босануды бедел санап…" - Елімізде перзентхана төңірегінде теріс пікір қалыптаса бастағаны өкінішті. Соңғы жылдары кейбір перзентханада нәрестенің жоғалуы мен ашықтан-ашық бала сату жиіледі. Түрлі себептермен ана мен бала денсаулығына зиян келіп, сәби өлімінің тіркелуі де азаймай тұр.

"Мектеп формасы: мәні мен мұңы" - Жадыраған жаз да аяқталып, көзді ашып-жұмғанша балалардың демалыс маусымы  да зырылдап өте шықты. Тамыз айы туа бастағаннан-ақ кезекті оқу жылына баласын қамдайтын ата-анадан маза кетеді. Соңғы бір ай киім-кешек,  мектепке қажетті құралдарды сатып алуға арналады.

AIKYN.KZ. "Дінге дұрыс көзқарас қалыптастыру керек" - Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің бастамасымен Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ бірлесіп, «Бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлерге арналған дін мәселесі, діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық және оқыту тренингі туралы» атты семинар-тренинг өткізді. 

8 қыркүйек 2017, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.