Атырау, 23 сәуір 18:42
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Ақтөбе облысында банк қызметкері клиенттердің шотынан ақша ұрлады деп айыпталды

3 124 просмотра

Фото: Tengrinews.kz

Ақтөбе облысында банк қызметкері клиенттердің шотынан ақша ұрлады деп айыпталды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қаладағы банктердің филиалдарының бірінің басшысы полицияға банктің супервайзері ұзақ мерзімнен бері (жыл бойы) банк клиенттерінің және банк шотынан, қызметтік жағдайын пайдалана отырып, қаржы ұрлап келгені туралы шағым түсірді. Осы дерек бойынша күдікті ретінде 35 жастағы тұрғын ұсталды. Ол шоттарға қолы жете отырып, қаржыларды жеке шотына аударып отырған", - деп хабарлады ІІД өкілдері. 

Келтірілген залал мөлшері - 2 миллион 685 мың теңге. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-тармағы бойынша соталды тергеу басталды.

Дереккөз: Tengrinews.kz


7 қыркүйек 2017, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.