Атырау, 16 сәуір 13:55
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Наталья Слекишина изоляторда көрген зорлығы үшін 3 миллион теңге өндіріп алады

1 493 просмотра


Уақытша тергеу изоляторында зорлық көрген Наталья Слекишина изолятордың бұрынғы қарушысы Руслан Хакимовтан 3 миллион теңге көлемінде моральдық залал үшін өтемақы алады, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

2015 жылы мамыр айында Алматы қаласының соты Наталья Слекишинаны сегіз жылға бас бостандығынан айырады. 2015 жылы қаңтарда Наталья Слекишина өзінің екі сыбайласымен бірге азаматтық некедегі күйеуі мен оның анасы тұратын үйге қарақшылық жасаған. 

2016 жылы жазда Слекишина түрме қызметкерлерін өз зорлағаны туралы шағым жасайды. Айыпталушылар өз кінәсін мойындамайды. Слекишина өз мерзімін өтеу кезінде қыз бала туады және сараптама нәтижесінде баланың әкесі түрме қызметкері Руслан Хакимов болып анықталады.  

Хакимов зорлық жасағаны үшін тоғыз жыл бас бостандығынан айырылды. Кейіннен Слекишина өз мерзімін өтеу уақытын баласы 14-жасқа толғанға дейін кейінге шегеру туралы өтініш жасап, сот оның өтінішін жартылай қанағаттандырып, мерзімін өтеу уақытын бес жылға шегерді.   

Ақпан айында Слекишина сот белгілеген бес жыл мерзімге бостандыққа шықты. 

Дереккөз: Sputniknews.kz 

7 қыркүйек 2017, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.