Атырау, 29 наурыз 03:32
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жанжалдың соңы өлімге әкелді

2 495 просмотра


Атырау облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қаралды.

Сотта 4 наурыз күні Атырау қаласының Көктем ықшамауданында сотталушы Р-дың жәбірленуші Б-мен бірге спирттік ішімдік ішкені анықталды. Араларында келіспеушілік басталып, Б. стақандағы шайды Р-дің бетіне шашып жіберіп, асүйдегі столды аударып тастаған. Оған жауап ретінде Р. ұшында темірі бар үстелдің сынған аяғымен бөтелкелесін өлгенше ұрып тастаған. Сот-медициналық сараптама денеде жүзден астам соққының барын анықтады.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Р. қатаң тәртіптегі колонияда 10 жыл бас бостандығынан айрылу жазасына кесілген. Шешім заңды күшіне енді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 қыркүйек 2017, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.