Атырау, 25 сәуір 11:13
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ресей мен Қытай КХДР-ға бірге тойтарыс бермек

2 856 просмотра


Ресей, Қытай, Бразилия, Үндістан және Оңтүстік Африка Республикасының көшбасшылары бас қосқан БРИКС саммиті Қытайдың Шямін қаласында жалғасып жатыр. Бұл туралы "Түрік Теле-Радио" қызметінің ресми сайты хабарлап отыр.

Саммит аясында Ресей Президенті Владимир Путин мен Қытай Халық Республикасының басшысы Ши Жинпиң Корей түбегін атомдық қарудан тазалау тақырыбын талқылады. Талқы барысында екі лидер Солтүстік Кореяның БРИКС саммиті кезінде жасаған баллистикалық зымыран сынағына лайықты  тойтарыс беру керекпіз деп шешті. 

Сонымен бірге тараптардың Корея түбегінің атомдық қарудан тазалануы турасындағы көзқарастары бір жерден шықты. Лидерлер екі ел арасындағы кейбір мәселелердің шешімін тауып, ендігі жерде ынтымақтастықты нығайту жайында келісімге келді. 

БРИКС саммитінде, екі жақты қарым-қатынастар, Қытай мен Ресейге байланысты аймақтық және халықаралық мәселелер де қолға алынды.

Дереккөз: qazaqtimes.com


5 қыркүйек 2017, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.