Атырау, 29 наурыз 19:43
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ата-аналар бойкот жариялады

2 785 просмотра
"АЖ" көрнекі суреті.


Фейсбук қолданушысының Ғ.Мүсірепов атындағы №5 мектептің аяқталмай қалған жөндеу жұмыстарына байланысты қала билігіне қарата жариялаған бойкотына Атырау қаласы білім бөлімі комментарий берді:

- Бұл ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталғанша уақытша жағдай, он шақты күндей, - дейді қалалық білім бөлімі меңгерушісінің м.а. Светлана АМАНШИЕВА. - Әзірге балалар №2 және №11 мектептерге орналастырылды, оларды мектеп автобусы тасымалдайды.

- Сіз автобусты оқушының анасының талабы бойынша бөлдіңіз бе?

- Тасымалдау былтырғы оқу жылында да болды, Нұрсая және басқа да алыс аудандардың балалары автобуспен қамтылған және бұл туралы ата-аналарға хабарланды. Бүгіннен бастап балаларды тағы да мектеп көлігі тасымалдайтын болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

4 қыркүйек 2017, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.