Атырау, 29 наурыз 11:43
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қырғызстан: Арнайы операцияда күдікті "екі содырдың" көзі жойылды

1 353 просмотра


Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) хабарлауынша, Шу облысындағы антитеррорлық операция кезінде халықаралық террорлық ұйымның күдікті екі содырының көзі жойылып, тағы біреуі жараланды. Күш құрылымдарынан ешкім зардап шекпеген.

Ресми хабарларға қарағанда, 24 тамыз түні Бішкекте милиция күзетінің қызметкерлері "Ниссан Пресаж" автокөлігін тоқтатқан. Жолаушыларды тексеру кезінде күдіктілер "Макаров" тапаншасы және гранатамен милиция қызметкерлерін қорқытып, қашып кеткен.

28 тамызда ішкі істер министрлігі және МҰҚК қызметкерлерінің шұғыл операциясы кезінде бұл ұйымның бір мүшесі ұсталды, ол тұратын үйдегі көліктен қару-жарақ табылған.

29 тамызда МҰҚК террорлық топтың қалған күдікті мүшелерінің Жайыл ауданына жасырынғанын анықтап, арнайы операция кезінде оларды қоршауға алған. Күдіктілер өз еркімен берілмей, оқ атқан. Қарсы атылған оқтан екі содырдың көзі жойылып, үшіншісі жараланды.

Қылмыстық топтың жақтастары тергеу абақтысына отырғызылды.

Дереккөз: azattyq.org

29 тамыз 2017, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.