Атырау, 24 сәуір 04:48
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​ҚР Ұлттық банк басшысы 2018 жылғы инфляцияның болжамын атады

2 301 просмотра


Қазақстан Республикасының Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев инфляция турасындағы болжамды атап өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«2018 жылға қарай жоспарланған мақсатты инфляция деңгейі 5-7% деңгейінде анықталады, 2020 жылға қарай бұл деңгей 4 процентке төмендеп, 2022 жылға дейін осы көрсеткіште сақталады», - деді ол Үкімет отырысында. Ұлттық банктің болжамына сәйкес, қолайсыз сілкіністер болмаған жағдайда инфляция мақсатты шекте тұрақтылығын сақтамақ. «Ұлттық Банктің саясаты Үкіметке экономикалық өсудің мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізуге көмектеседі, атап айтқанда, пайыздық саясат нақты мөлшерде ұзақ мерзімді экономикалық өсу қарқындарымен салыстырмалы деңгейде, яғни 4% -дан аспайтын базалық мөлшерлемені ұстап тұруға бағытталады. Мұндай саясат теңгенің нақты айырбас бағамын ұстауға, отандық өндірушілердің бағасының бәсекеге қабілеттілігін сақтауды қамтамасыз етуге, екіншіден экономиканың қаржылық емес секторы үшін несие ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге қолғабысын тигізеді», - деді Д. Ақышев.

Дереккөз: inform.kz

29 тамыз 2017, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.