Атырау, 16 сәуір 23:39
 ашықВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Жаңа ықшамаудан қайда болу керек?

Сурет Бейнежазба
4 603 просмотра


Жергілікті билік қала маңындағы Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Талғайраң поселкесінің маңына жаңа тұрғын ықшамаудан салуды жоспарлап отыр. 1040 гектар алаңға бұл жерде екі кезеңде көппәтерлі 162 үй салынатын болады. Бірақ мұндай үлкен құрылыс үшін бұл орын жарамды ма? Біз бұл туралы маманнан білген едік. 

ЖЕР ТҰЗЫ

«Атыраугидрогеология» ЖШС-нің жетекші гидрогеологы Нұргүл САБУРОВА жерасты суларын, олардың біздің топыраққа әсерін және тұрғын үй массивтерінің батпақтану себептерін көп жылдан бері зерттеп келеді. Ол шағын қаланың өзіндегі бір ауданда жасыл-желектерді өсіру оңайға соқса, екіншісінде, қанша күш салса да, неліктен өте қиынға түсетінін біледі.   

Нұргүл САБУРОВА

- Қанеки, ғарыштан түсірілген Атыраудың карта-фотосуретін қарайық. Жайық арнасы арқылы қаланың ең жасыл-желекті, құнарлы жерлерін анықтау қиын емес. Мәселен, Жилгородок. Қараңыз, ол жасыл-желекке оранған. Ал қарама-қарсы бетте – Авангард аумағы. Ол да жағалауға жақын, бірақ ол сияқты жасыл желекті емес. Сәтпаев даңғылы – жасыл-желекті, Әлиев даңғылы олай емес. Мұның түсінігі қарапайым. Өзен уақыт өте келе өз арнасын өзгертеді. Бір кездері Жайық суы аққан жерлерде топырақ тұздан шайылады. Өзеннен кейін шайылған шөгінді топырақ түзіліп, лай қалады. Жилгородок өзгеше жартыаралда орналасқан. Қазір өзен оны үш жақтан қоршап тұр. Ал бұрын аңғар осы тұрғын массив орналасқан жерден өтетін. Бұл жердің топырағы тұзсыз, ал жерасты суларының минералдануы литріне 6 грамм шамасын құрайды. Қарама қарсы жағалаудағы топырақасты сулары тұздарға анағұрлым қаныққан – өзенге жақын екендігіне қарамастан литріне 76 және одан көп грамм болады. Өзеннен қашықтай берген сайын, топырақасты суларының минералдануы – литріне 100 граммнан басталады. Ал ол жоғары болған сайын, топырақ жасыл көшеттер отырғызу үшін жарамды болады, - дейді Сабурова.


ЕКІНШІ ПРИВОКЗАЛЬНЫЙ

Жаңа ықшамаудан салынатын Талғайраң жаққа қарай қозғалдық.

- Біз қазір нақты орнын білмейміз, бірақ ол шамамен Индер трассасына жақын маңда болады. Бұл жердің топырағы онша жарамды емес, сондықтан құрылыс салынғаннан кейін батпақтанған сор жерлер пайда болады, - деп есептейді гидрогеолог.


Біз Индер трассасынан әрігірек сәл далалыққа қарай бұрылдық. Ол жерден Сабурова бізге 1993 жылы осы жер суға кеткеннен кейін табиғи жолмен түзілген 4-5 метр тереңдіктегі шұңқырды көрсетті. Бұл шұңқырлардың түбінде су бар екен.

- Су құрамындағы тұз мөлшері литріне 100 грамнан асады. Бұл жердегі су деңгейі жыл уақытына қарай өзгеріссіз қалады. Біздің өңірдің топырақасты сулары осындай, - дейді Сабурова. – Ашық, құрылыс салынбаған жерде топырақасты суларының белгілі бір теңгерімі бар. Атмосфералық жауын-шашындар топыраққа шөгіп, олардың бір бөлігі топырақасты суларына дейін жетеді, бір бөлігі буланып ұшып кетеді. Топырақасты суларының айнасы мен жердің беткі қабатының арасында сулар сұйық немесе бу түрінде үнемі қозғалып жүреді. Топырақасты суларының деңгейі болмашы ғана өзгереді. Бірақ құрылыс басталғанда, бұл теңгерім бұзылады. Тұзды топырақасты суы көтеріліп, кейде бетіне дейін шығады. Нәтижесінде сор жерлер түзіліп, жерлер батпаққа айналады. Топырақ көгалдандыру үшін жарамсыз болып қалады. Мұндай көрініс қазір Атырау қаласының көп жерлерінде бар. Сондықтан бұл жерден жаңа ықшамаудан салу орынсыз, ол екінші батпақты Привокзальныйға айналады.


ЕКІНШІ ЖИЛГОРОДОК

Сабурованың пікірінше, жаңа ықшамаудан үшін анағұрлым жарамды жер бар. Трассадан далаға қарай емес, Жайық жаққа қарай 3-4 шақырым жерде – өзен айналмасындағы Бесікті мен Талғайраң аралығындағы АМӨЗ саяжай массивінің маңы болса жеткілікті екен.


- Егер ғарыштан түсірілген суретті қарасақ, бұл жердің жасыл-желекке бөленіп тұрғаны көрінеді. Осы айналманың ұзындығы 1,7 де 3 км құрайды. Салыстырар болсақ, Жилгородок айналмасы – 1 километр де 800 метр. Бұл жердің топырағы да шөгінді топырақ, мұнда су топырақта тұрып қалмайды. Тұз концентрациясы өте төмен. Сондықтан да осы жер көгалды. Жаңа ықшамаудан үшін бұл өте жақсы жер. Оны көгалдандыру қиынға түспейді. Бізде Жилгородоктың аналогы пайда болуы мүмкін. Әрине, трассадан шалғай орналасуы құрылыс кезінде қосымша шығындарға әкеледі. Бірақ олар құрылыс салу үшін және тұру үшін қолайсыз жерді көгалдандыруға және су бұруға қатысты мәселелерді шешуге кететін шығындармен салыстыруға келмейді, - деп есептейді гидрогеолог.



Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті және бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН

29 тамыз 2017, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.