Атырау, 24 сәуір 05:36
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Солтүстік Корея кезекті зымыранды ұшырды

2 060 просмотра


Солтүстік Корея зымыран Жапония Хоккайдо аралы Солтүстік Корея тағы зымыран ұшырды. Оңтүстік Корея әскерилерінің мәлімдеуінше, бұл жолы Пхеньян Сунан маңындағы полигоннан орта қашықтықтағы зымыран атқан. 

Ол Жапония аумағының үстімен өтіп, Хоккайдо аралынан бір мың шақырымнан астам жердегі Тынық мұхитына барып құлады. Ал жалпы қару 2 мың жеті жүз шақырымдай қашықтыққа дейін ұшқан. Осыған байланысты ресми Токио барлық қажетті шараларды қолға алатынын айтты. Ал соңғы рет Солтүстік Кореяның зымыраны Жапония үстімен 2009-шы жылы ұшырылған еді. Бірақ ол кезде Пхеньян зымыран емес жер серігін жібергенін айтып мойындамаған болатын. Ёсихиде Суга, Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы:  - Баллистикалық зымыран біздің елдің үстімен өтіп, бұған дейін болмаған үлкен қауіп төндіріп отыр.  Ол сондай-ақ Азия Тынық мұхиты аймағындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке үлкен қатер. Сондықтан біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі арқылы, АҚШ және Оңтүстік Кореямен бірігіп әрекет етеміз.

Дереккөз:  24.kz

29 тамыз 2017, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.