Атырау, 19 сәуір 08:12
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​«Анаға апарар жол» фильмі Хорватияда бас жүлдені иеленді

3 569 просмотра


Режиссер Ақан Сатаев пен бас продюсер Әлия Назарбаеваның «Анаға апарар жол» фильмі Хорватияда өткен халықаралық кинофестивальде бас жүлдені иеленді. 

Қазақстан елшілігі ұйымдастырған ресми таныстырылымға бірнеше елдің режиссері мен киносыншылары қатысты. «Анаға апарар жол» – өмірдің шынайы картинасы. Ұжымдастыру, Отан соғысы, одан кейінгі ауыр жылдар. Фильмнің негізінде бас кейіпкердің анасынан адасып қалып, тағдыр тауқыметін кешкені, кейін шешесімен қайта қауышуы баяндалады. Мағынасы терең тарихи драма көрермендерді ғана емес, қазыларды да бейжай қалдырмады. Кинофестиваль президенті Игорь Призмич «Ең үздік фильм» марапатын өзі табыстады. Әділ Ахметов, актёр: - Бұл жерде керемет сезім махаббат бар, елге деген, Отанға деген сүйіспеншілік бар жане үлкен адамгершілік бар. Ал фестивальдерден орын алып жатсақ, арнайы сыйлыққа ие болсақ, бұл мен үшін де, елім үшін де үлкен қуаныш деп есептеймін. Хорватияда «Марко Поло» фестиваліне қатысу біз үшін мәртебе. Кино сыншыларының айтуынша, фильмнің бас кейіпкерлері шынайы сомдалып, адамның ішкі жан күйзелісі нанымды берілген.   Игорь Призмич, «Марко Поло» кинофестивалінің президенті: - Фильм өте жоғары деңгейде түсірілген. Қазақстанның кино саласы осындай биік деңгейде екені үлкен әсер етті. Әсіресе актерлердің ойыны. Әрине, ең маңыздысы – мағынасы, анаға деген махаббат. Меніңше, фильм коммерциялық тұрғыдан да үлкен жетістікке қол жеткізеді. Қазақстандық фильмнің біздің кинофестивальде көрсетілгеніне қуаныштымын. Златко Видакович, киносыншы: - Қазақстанда кино саласы тез дамып келеді. Актерлер мен режиссерлерге сұраныс жоғары. Туынды өте ұнады. Біз жақын арада оны Загреб қаласында көрсетпекпіз. Өйткені кино тарих пен бай мәдениетіңізді көрсетудің жақсы құралы ғой. «Анаға апарар жол» фильмінің арқасында Хорватия көрермендері Қазақстан тарихымен танысты. Фильмнің әсері соншалық, көз жасына ырық бергендер де көп. Мәскеу, Бішкек, Афинада жұртшылықтың ықыласына бөленген фильм енді әлемнің өзге де елдерінде көрсетіледі. 

Дереккөз: 24.kz

28 тамыз 2017, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.