Атырау, 18 сәуір 23:46
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Зейнетақы қорындағы проблемалық активтердің көлемі 4 есе қысқарған

1 948 просмотра


Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерін шоғырландыру нәтижесінде «БЖЗҚ» АҚ портфеліне облигациялардың атаулы құны бойынша 161,45 млрд теңгеге 32 эмитенттің проблемалық қаржы құралдары өткізілді. 

 Бұл туралы зейнетақы қорының баспасөз қызметі хабарлады.  Зейнетақы қорының мәліметінше, облигациялардың атаулы құны бойынша берешектердің жалпы сомасы 2014 жылдан бері 161,45 млрд теңгеден 36,45 млрд теңгеге дейін азайған. Ал проблемалық эмитенттердің саны 32-ден 19 компанияға қысқарды. "Екі компания бойынша берешек толығымен өтелді (атаулы құны бойынша 1,3 млрд теңге). Төрт компания бойынша банкротқа ұшырау және таратылу рәсімінің аяқталуына байланысты қаржы құралдары есептен шығарылды (атаулы құны бойынша 10,2 млрд теңге).Жеті компания бойынша берешек қайта құрылымдалды/реттелді (атаулы құны бойынша 113,4 млрд теңге)", - делінген баспасөз хабарламасында. Қордың ақпаратынша, эмитенттердің көпшілігі дефолтқа 2006-2010 жылдар аралығында жол берген. 2016 жылы атаулы құны бойынша берешек сомасы 4,1 млрд теңгеге 2 эмитенттің дефолты тіркелді. Олар: «Имсталькон» АҚ; SAMARCO Mineracao S.A. (Бразилия). 2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы Қоры дефолтқа жол берген 21 эмитентке қатысты атаулы құны бойынша 40,5 млрд теңге болатын берешекті (зейнетақы активтерінің 0,6 пайызынан төмен) қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл эмитенттердің қаржы құралдары зейнетақы активтерінің құрамына кіреді.

Дереккөз: qazaqtimes.com

28 тамыз 2017, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.